Қазақстанда 23 мыңнан аса ҮЕҰ бар

Астана қаласындағы Үкіметтік емес ұйым мүшелері бас қосты. Ұйымдардың қоғамдағы беделі мен имиджін арттыру мақсатында өткен жиынға консультативтік кеңес мүшелері, сарапшылар мен белсенділер де қатысты. Жиында Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің кәсіби мерекесімен құттықтады. Елімізде 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді. Ал елордада тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны - 3492, оның мыңға жуығы белсенді болып табылады. Бану НҰРҒАЗИЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Осы жиынға қатысып отырған барлық ұйым қоғамда өз орнын алып үлгерді. Әрқайсыңыз нақты шаралармен айналысып келесіздер. Ең алдымен өз аймақтарыңыздың дамуына үлес қосып жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Алдағы уақытта да өз мақсатымыз бойынша игі істер атқара береміз деп үміттенемін. ҮЕҰ гендерлік теңдікті, отбасылық құндылықтарды, денсаулық мәселелерін, экологияны, құқық қорғау ұйымдарын, волонтерлік қозғалысты қолдауды және жануарларды қорғауды насихаттайтын 19 бағытта жұмыс істейді. Ал «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде. Қазір оның қатарында 3 мыңға жуық жасөспірім бар. Жас тәрбиеленушілер 5 бағыт бойынша тәлім алуда. Асхат НАЛШЫБЕК, «ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біріншісі спорттық бағыт, екіншісі интелектуалдық бағыт, үшінші ІТ саласы және әскери техникамен, әскери әдістемелік оқыту бағытында, сонымен қатар бізде интеллектуалдық бағытта жұмыс жасап келе жатырмыз. Қазіргі уақытта өсіп келе жатқан жасөспірім мен жастардың әскери көзқарасы да өзгеріп келе жатыр. Астаналық ҮЕҰ-дар да түрлі бағытта әлеуметтік жобаларды іске асырып жүр. Жыл өткен сайын жобалар саны артып келеді дейді, мамандар. Айдана ХАМЗАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Әкімдіктің тарапынан ҮЕҰ-мен байланысу механизмі ретінде мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс атқарылып жатыр. Алдыңғы жылы 35-тен аса жоба жүзеге асырылған болса, биыл 54 жоба жоспарланған. Сонымен қатар сол жобалардың ішінде бізде ұзақ мерзімді 3 жылдық жобалар бар. Жиын соңында белсенді әрекет етіп жүрген бірқатар Үкіметтік емес ұйым өкілдері Алғыс хатпен марапатталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы