Қазақстанда 7-9 пайыздық жаңа ипотекаға қалай өтінім беруге болады?

Қазақстанда "Наурыз" ипотекасына өтінімдер қабылдау басталды. Барлық рәсім электронды форматта "Баспана Маркет" порталында өтеді. Бағдарламаға қалай қатысуға болатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар. Бастапқыда жаңа "Наурыз" ипотекалық бағдарламасының іске қосылуы 2024 жылдың 1 мамырына жоспарланған болатын. Алайда мерекелердің көп болуына байланысты оны ертерек уақытқа ауыстыру туралы шешім қабылданды. 25 сәуірде Қазақстанда "Наурыз ипотекасына қатысуға өтінімдерді қабылдау ресми түрде басталды. Ол үшін келесі шарттар орындалуы керек екенін еске саламыз: "Отбасы банкінде" депозит ашып, онда кемінде 1 000 000 теңгенің болуы. Салымның жарамдылық мерзімі маңызды емес; Қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жеке баспанасы болмауы керек. Бұл талап тек қатысушының жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларына қатысты; соңғы 6 айда ресми кірістің болуы. Бір қызығы, шарттарға сәйкес, "Наурыз" ипотекасының сыйақы мөлшерлемесі 9 пайызды құраса (жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме 9,3 пайыздан 11,8 пайызға дейін), бірақ халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтар үшін ол небәрі 7 пайызды (жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме 7,3 пайыздан 8,9 пайызға дейін) құрайды. Бағдарлама аясында Алматы немесе Астанада тұрғын үй сатып алу үшін 36 миллион теңгеге дейін және қалған аймақтарда 30 миллион теңгеге дейін тұрғын үй несиесін алуға болады. Бұл ретте моноқалалар мен ауылдардан қайталама тұрғын үй сатып алу да қарастырылған. Ипотека бағдарламасына қалай өтінім беруге болады "Наурыз" ипотекасына қатысуға өтінімдер электронды форматта "Баспана Маркет" порталы арқылы қабылданады, сондықтан "Крыша" порталы атап өткендей, ең алдымен порталда авторизациядан өту керек. Содан кейін бәрі келесі схема бойынша жүреді: 1."Менің өтінімдерім" бөлімін тауып, "Наурыз" бағдарламасы" тармағын таңдап, "Өтінім беру" түймесін басыңыз; 2.бағдарламаның шарттарымен танысып, тұрғын үй сатып алынатын аймақты, сондай-ақ өтінім беру кезінде тұрып жатқан жерді таңдаймыз. Шарттармен келісетініңізді білдіріп, белгі қойыңыз және "Жалғастыру" түймесін басыңыз; 3.қолайлы депозитті таңдап, шарттармен келісетініңізді растаңыз және "Жалғастыру" түймесін басыңыз; 4.ұялы телефон нөміріңізге SMS хабарлама жіберіледі, оны растау қажет; растаудан кейін деректеріңізді тексеріңіз, құсбелгіні қойыңыз және "Жалғастыру" түймесін басыңыз; 5.келесі кезекте мемлекеттік деректер базасынан тұрғын үйлердің бар-жоғын тексеру; 6.осыдан кейін мүлікті екінші рет тексеру жүргізіледі, бірақ бұл жолы банк тексереді. Бұл үш жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін, себебі жүйе тұрғын және тұрғын емес жылжымайтын мүлікті ажырата алмайтындықтан, барлығы қолмен жасалады; сәтті тексерістен соң "Растау" түймесін басыңыз. Жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы хабарламаны алғаннан кейін "Жалғастыру" түймесін басыңыз; 7. барлық шартпен танысып, өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз және "Жалғастыру"түймесін басыңыз; өтінім берілді. Естеріңізге сала кетейік, "Наурыз" бағдарламасы 8 жылға есептелген, бірақ оның жұмыс істей бастаған бірінші жылы тек 12 мың қазақстандық несие ала алады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Астана» клубы алғаш рет лига кубогының чемпионы атанды
Роза Рымбаеваның Дильназ Ахмадиеваның әкесімен айтқан әні көпшілікті тамсандырды
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Ақтөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші көз жұмды
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Жылқы еті – харам...»: Журналист Үкіметке үндеу жолдады
Осылардың бәрі қадағалануы керек: Дулыға Ақмолда балабақшадағы келеңсіздік туралы айтты
Apple 2024 жылдың басты әртісін атады
Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі өтті
Жамбыл облысында өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды
Метеорологтар Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады: 24 қараша 2024, 12:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Жамбыл облысында алаяқтық жасады деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды: 24 қараша 2024, 11:58 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Болат Назарбаевтың меншігінде болған Алматыдағы қымбат нысан саудаға шығарылды
АҚШ-та ұшақ апатынан екі адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты