Қазақстанда 8 наурызда әйелдерге 1 миллион теңге берілетін болды

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мәліметінше, 21 атаулы және мереке күндерiнде әкiмдiктер мұқтаж қазақстандықтарға әлеуметтiк көмек көрсетедi. Бұл ретте олардың тізбесі, сондай-ақ өңірлердегі төлемдер мөлшері әртүрлі және нақты әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетінің мүмкіндіктеріне байланысты болады, деп хабарлайды Almaty.tv.Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктері мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды, әлеуметтік көмек, оның ішінде тиісті бюджет қаражатынан төленетін атаулы күндер мен мереке күндеріне арналған мөлшерлемені белгілейтіні айтылған. "Әлеуметтік көмек алушылардың өтініштерін талап етпей, уәкілетті орган немесе өзге де ұйымдар ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен тізбе бойынша көрсетіледі", - деді министрлік өкілдері. Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өз кезегінде Халықаралық әйелдер күніне орай мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған көп балалы отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін бір миллион теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетінін хабарлады. Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәліметінше, осы санаттағы тұрғындарға мұндай ақшалай төлем басқа мереке күндері де беріледі, мысалы: 1) Жаңа жыл – 1-2 қаңтар; 2) Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз; 3) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр; 4) Астана күні – 6 шілде; 5) Конституция күні – 30 тамыз; 6) Республика күні – 25 қазан; 7) Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан. Бізге келіп түскен жауаптағы мәлімет бойынша, әлеуметтік көмектің бұл түрін көрсетумен Алматы қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасы айналысады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мақтаарал ауданының Білім бөлімінде істейтін 43 қызметкер 2,4 миллиард теңгені жымқырған
Тоқаев Астанадағы халықаралық мектепті аралап шықты
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полиция қызметкерін жарақаттаған
«Үйдегі төртінші ұл»: Алматыда алып сәби дүниеге келді
АМӨЗ зауыт үстіндегі “қара бұлтқа“ қатысты түсінік берді
Сауда биржасында доллар бағамы өсті
Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарымен танысты
Алматыда Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған көрме ашылды
Өлі-тірісіне қарамай қайтарамыз - ХАМАС Израильмен келісімге келген жағдайда тұтқындары босатпақ
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Антикор негізсіз жұмсалмақ болған 55 млрд теңгені бюджетке қайтарды
Алдағы күндері Алматыда 25 градус аяз болады – ауа райы болжамы
Қазақстандық фильм Үндістанда екі аталым бойынша жүлде алды
Маңғыстауда мектеп оқушыларының жаппай улануы: іс сотқа жетті
Ақмола облысында өткен ғасырдың ортасында салынған бөгет жөнделіп жатыр