Қазақстанда 800-ден астам мұғалім біліктілік санатын көтеру үшін тест жауаптарын сатып алған

Елімізде 800-астам мұғалім біліктілік санатын және жалақысын көтеру үшін тест жауаптарын сатып алған. Оның ішінде қарапайым мұғалімдер де, мектеп пен колледж басшылары да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.Ұстаздар 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі аралықта ақы төлеген. Мұғалімдердің саудасын қыздырып, тест жауаптарын сатқан Ақтөбе облысындағы компания болып шықты. 2022 жылдан бастап ақша үшін аттестаттаудан тек осы өңірдің педагогтары ғана емес, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан облысының, сондай-ақ Жетісу мен Ұлытаудың мұғалімдері де өткен. Олардың көпшілігі өз орындарында жұмысын жалғастыруда. Мамандар аталған жүйені өзгерту керек деп дабыл қағады. Егер мұғалім аттестаттаудан өтпесе, онда өз санатын жоғалтады. Сондықтан олар заңды бұзуға мәжбүр. "Менің ойымша, мұғалім бір рет тапсырған санатты сақтауы керек, әрине, ол оны тестілеу арқылы емес, жетістіктер, оқушыларының білім сапасының көрсеткіштері түрінде растауы керек. Қараңызшы, бізде әскерилер атақ алады, егер ешқандай бұзушылықтар болмаса, олар оны жоғалтпайды, керісінше, әр 5 жыл сайын әскери атағын тағы көтереді", — дейді қазақстандық білім беру сарапшылары лигасының вице-президенті Наталья Дрейт. Депутаттар да аталған мәселеге алаңдаушылық білдіруде. Олар мұғалімдер заң бұзушылыққа жаппай жүгінгендіктен, тестілеу жүйесінде проблемалар барын айтады. "Мұғалімдер ренжіді, олар аттестаттаудан өту мүмкін емес екенін айтады. Музыка мұғалімдері немесе дене шынықтыру мұғалімдері өтініш білдіріп, оларға қатысты нақты сұрақтары жоқ екенін, сондықтан аттестаттаудан қалай өту керектігін білмейтін мәселелер бар екенін айтты, сондықтан ең алдымен бұл мәселені шешу керек", — дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова. Енді аттестаттау форматы өзгереді, бірақ сұрақтардың өзгеретін-өзгермейтіні белгісіз. Мұғалімдер заңды айналып өту үшін алған барлық сертификаттарының күші жойылады. Мұғалімдер алған барлық жәрдемақыларын бюджетке қайтаруға мәжбүр болады.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтау маңында ұшақ апаты: Көлік министрлігі «қара жәшікегі» деректерді алған
Ақтөбедегі сұмдық: Кепілде болған әйел ата-анасының көз жұмғанын білмейді
Әлемде: TikTok Илон Маскқа сатылады, ХАМАС тұтқындарды босатпақ, Корея президенті қамалды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Депутаттар ішкі істер министріне көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз екенін айтты
Алматыда «Birlik» би ансамблінің концерті өтеді
ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды
Ұшақта адамды өлімнен құтқарған студент марапатталды
«Әкеме көлік әпердім»: Ержан Максим байқаудан алған қаржылай сыйлықты қайда жаратқанын айтты
Маңғыстауда алып сәби өмірге келді
Ұшақта жолаушыны аман алып қалған жігітке "Құрмет" грамотасы табысталды
Төртінші баласына аяғы ауыр Аиша қазақша өлең оқып, көпшілікті тәнті етті
«Үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады»: әзілкеш курс сататындарды сынады
«Беті мен ішінен ұрып, балағаттаған»: Жолаушы FlyArystan қызметкерін соққыға жықты
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
Астанада су тасқыны қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді
«Жаңа өмір»: Жахан Отарғалиев үшінші мәрте отбасын құрды