Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы 11-13 жастағы қыздарға вакцина салынады

Келер жылдан бастап 11-13 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынады. Бұл жатыр мойны обырының алдын алады дейді мамандар. Себебі, елімізде жылына 1800-ге жуық қыз-келіншектен қауіпті дерт анықталады. Соның 600-і көз жұматын көрінеді. Дәрігерлер аурудың жылдан жылға жасарып жатқанына алаңдаулы. Жыл сайын әлемде жатыр мойны обырынан 340 мыңнан астам әйел көз жұмады. Ең көп таралған бұл сырқат төртінші онкологиялық ауру болып есептеледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қыздарға ерте жастан вакцинациялау жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Толқын САДЫҚОВА, ҚР ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ОНКО-ГИНЕКОЛОГЫ: Жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын қоздырғыш бұл - адам папиллома вирусы. Ол бүкіл дамыған елдердің барлығында ғылыми жөнінде, практикада тәжірибеде дәлелденген. Сондықтан бүкіл дамыған елдерде скрининг бағдарламалары жүру арқылы осы вирусты тоқтату, жатыр мойыны қатерлі ісігін жою мақсатында қатерлі ісігін жою туралы элиминация жария етті. 107 мемлекетте адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация қарастырылған. Мамандардың айтуынша, бұл екпенің балалар денсаулығына кері әсері жоқ. Сидхарта ДАТТА, ДДСҰ ЕУРОПАДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ БЮРОСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСШІСІ: Вакцина өзінің тиімділігін көрсетті. Осы орайда Австралия еліндегі жағдай туралы айтқым келеді. 20 жыл бұрын австралиялықтар адам папилломасы вирусына қарсы вакцина қабылдаған. Қазір Австралияда туған бірде-бір қыз-келіншекте жатыр мойыны обыры жоқ. Бұл бізді қуантады. Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау шаралары пилоттық жоба ретінде еліміздің 4 аймағында жүргізілген. Толқын САДЫҚОВА, ҚР ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ОНКО-ГИНЕКОЛОГЫ: 17 625 қыз балаға енгізілді бірінші дозасы. Екінші 11 648 қыз бала алды. Оның результаттарын 10 жылдан кейін көрдік. Осы қабылдаған 828 қабылдаған қыз бала және 768 қабылдамаған екі группаны тексергенімізде вакцинаны алған топтарда 0,8 процент ғана көрcетті. Ал вакцина алмаған 768 әйелде 17,4 вакцина адам папиллома вирусы қайта шықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 9 бен 14 жас аралығындағы қыздарға 2 рет екпе егуді ұсынады. Қазақстан 11 жастағы қыздарды вакцинацияламақ. Келер жылы осы жастағы 175 901 қыз балаға екпе салу жоспарланып отыр. Мадина ОРЫСБАЕВА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ: Адам папилломасына қарсы вакцинациялау еліміздің барлық өңірлерінде 2024 жылы енгізілу жоспарлануда. Ағымдағы жылы дайындық жұмыстары басталды. Ол ұлттық егу күнтізбесіне енгізу және де жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина еліміздің міндетті екпелер тізіміне кіреді дейді мамандар. Бірақ екпе балаға ата-аналардың немесе заңды өкілінің ақпараттық келісімінен кейін салынады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мәжіліс Спикері аграршылармен «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысын талқылады
Президент Үштөбедегі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды
Ұлттық интеллигенция халқымыздың болмысын сақтау үшін тынбай еңбек етті – Ерлан Қарин
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Алматыдағы №174 гимназиясының қосымша ғимарат құрылысы қашан аяқталады
Астаналық ер адам құлыпталмаған көлікті ұрлап, бағанаға соғылды
Нью-Йорктің бірнеше округінде төтенше жағдай жарияланды
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 29 жыл толуымен құттықтады
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Тоқаев Түркіменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Түркістан облысында "Жайлы мектеп" жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды
Алматыда контрафактілік пиротехниканың 150-ге жуық қорабы тәркіленді