Қазақстанда алғаш рет ана құрсағындағы ұрыққа операция жасалды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Қазақстан мен Ресейдің жетекші мамандарының қатысуымен Қазақстандағы алғашқы құрсақішілік патологияны түзету бойынша практикалық мастер-класс өтті.Феталдық медицина (ұрық хирургиясы) – бұл ананың құрсағындағы ұрық пациент болып табылатын жоғары мамандандырылған медицина саласы. Ұрық хирургиясы аз инвазивті ем-шаралар арқылы ұрықтың ерте патологиялық жағдайларын түзетуге және емдеуге мүмкіндік беретін инновациялық технологияларға негізделген. Жобаны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырып жатыр."Денсаулық сақтау министрлігі туғаннан бастап балалардың мүгедектігін төмендету жөніндегі басымдықты міндет деп санайды. Дүние жүзіндегі феталдық хирургия бұл үшін ең маңызды құралдардың бірі болып саналады. Біз 30 жылдың ішінде феталдық операциялар практикасында жинақталған әлемдік тәжірибені талдадық. Бұл білімнің барлығы Қазақстанда алғаш рет әзірленген феталдық хирургия бағдарламасының негізін қалады", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.Қазақстанда феталдық хирургияны іске қосуға дайындықты Денсаулық сақтау министрлігі екі жыл бойы жүргізген. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының (Алматы) және UMC (Астана) дәрігерлерінің бригадалары Қазақстанда және шетелде теориялық және практикалық даярлықтан өтті."Біз жыл сайын құрсақішілік ақауларды түзету бойынша 150-ге жуық операция жасауды жоспарлап отырмыз. Феталдық хирургия жобасы біздің орталықты дамытудың және еліміздің аналары мен балаларына медициналық көмектің сапасын жақсартудың жаңа кезеңі болады", - деді Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнара Нұрланова.Қазіргі уақытта аз инвазивті эндоскопиялық (фетоскопиялық) операциялар ашық хирургияны алмастыруда, өйткені олар ана мен ұрықтың денесі үшін қауіпсіз.
Жаңалықтар
![«Қауіп сақталады». Қазақстанда шегірткеге қарсы күрес қалай жүргізіліп жатыр?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558770/image.jpg.webp)
![Шымкент-Қытай кәсіпкерлері B2B форматында келіссөздер жүргізді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558773/image.jpg.webp)
![Боррель: ЕО Венгрияның Украинаға ветосын айналып өте алады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558762/image.jpg.webp)
![Полиция капитаны ерекше даусымен көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558757/image.jpg.webp)
![Қажылықта қайтыс болғандар саны 1300-ден асып кетті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558759/image.webp.webp)
![2035 жылға дейін 2,4 немесе 2,8 гигаватт АЭС-ті іске қосуымыз керек - сарапшы](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558717/image.jpg.webp)
![Үкімет Қостанай облысындағы электр беру желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңге бөледі](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558740/image.jpg.webp)
!["Жағдайы ауыр". БҚО-да жас полицей абайсызда өз-өзін атып алған](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558718/image.jpg.webp)
![Шекаралас аумақта шегірткенің таралу қаупі сақталады - АШМ](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558712/image.jpg.webp)
![«Футбол – өзгеше сала»: Боранбаев «Қайрат» клубын қалай алғанын айтты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558693/image.webp.webp)
![Bloomberg: Соғыстан кейінгі қылмыстың өсуі Ресейдің ЖІӨ төмендетеді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558705/image.jpg.webp)
![«Махаббаттан жаратылған балапан»: Ерке Есмахан 7 айлық ұлы Исламмен түскен фотоларын жариялады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558667/image.jpg.webp)
![Қазақстанда алғаш рет халықаралық «IBO-2024» олимпиадасы өтеді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558673/image.jpg.webp)
![5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны: Медальдар қандай болады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558674/image.jpg.webp)
![ЕО Ресейге қарсы 14-ші санкциялар пакетін ақыры мақұлдады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558706/image.jpg.webp)
![Эльжана Таниева Миландағы әлем кубогында бестікке енді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558677/image.jpg.webp)
![Қазақстан Олимпиадаға түңғыш рет брейкингтен қатысады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558567/image.jpg.webp)
![Қазақстандық теннисші Бад-Хомбургтегі турнирдің ширек финалына шықты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558489/image.webp.webp)
![Қазақстандықтар ма әлде пәкістандықтар ма? Грекия БАҚ-тарында орманды өртеген күдіктілерге қатысты түсінбеушілік туындады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558492/image.jpeg.webp)
![Астанадағы алапат өрт: пәтерлер бюджет есебінен жөнделе ме?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558129/image.jpeg.webp)
![Жылқының етін доңыздан төмен қылдық – депутат Әлтаев](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558040/image.jpg.webp)
![Грекиядағы өртке кінәлілердің ішінде Қазақстан азаматтары бар ма – ҚР СІМ тың ақпарат таратты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1557956/image.jpg.webp)
![Үкімет төтенше резервтен 1,3 миллиард теңге бөледі](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558727/image.jpeg.webp)
![Қазақстанда тағы бір санаттағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558502/image.jpeg.webp)
![Қазақстан СІМ Грекия аралындағы орманды өртеу оқиғасына қатысты пікір білдірді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1557991/image.jpeg.webp)
![Италияда вандализм жасаған қазақстандық ұсталды: СІМ пікір білдірді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1557980/image.jpeg.webp)
![Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1007081/image.jpeg.webp)
![Желіде қызды ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео тарады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1554348/image.jpeg.webp)
![Алматы жаһандық бизнес орталыққа айналады: әлемдік көшбасшылар тарихи форумға дайындалып жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1553859/image.png.webp)
![Капиталистік жүйеде постколониализмнің орны қандай?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1551928/image.jpg.webp)
![«Махаббаттан жаратылған балапан»: Ерке Есмахан ұлы Исламмен ерекше фотолар жариялады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558694/image.jpg.webp)
![«Қазақстандық Юрий Шатунов» көпшілікті жаңа әнімен тамсандырды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558617/image.jpg.webp)
![Түркістандық оқушы әлемінің 40 университетіне шақырту алды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558550/image.jpeg.webp)
![Шымкент-Қытай кәсіпкерлері B2B форматында келіссөздер жүргізді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558730/image.jpg.webp)
![Алматыда халықаралық бизнес-форум өтеді: арнайы қонақ – Димаш Құдайберген](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558739/image.jpg.webp)
![Асқазан-ішек жолдарына қан кетпеу үшін не істеу керек – дәрігер кеңесі](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1558698/image.jpeg.webp)