Қазақстанда алғаш рет ана құрсағындағы ұрыққа операция жасалды

Қазақстанда алғаш рет ана құрсағындағы ұрыққа операция жасалды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Қазақстан мен Ресейдің жетекші мамандарының қатысуымен Қазақстандағы алғашқы құрсақішілік патологияны түзету бойынша практикалық мастер-класс өтті.Феталдық медицина (ұрық хирургиясы) – бұл ананың құрсағындағы ұрық пациент болып табылатын жоғары мамандандырылған медицина саласы. Ұрық хирургиясы аз инвазивті ем-шаралар арқылы ұрықтың ерте патологиялық жағдайларын түзетуге және емдеуге мүмкіндік беретін инновациялық технологияларға негізделген. Жобаны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырып жатыр."Денсаулық сақтау министрлігі туғаннан бастап балалардың мүгедектігін төмендету жөніндегі басымдықты міндет деп санайды. Дүние жүзіндегі феталдық хирургия бұл үшін ең маңызды құралдардың бірі болып саналады. Біз 30 жылдың ішінде феталдық операциялар практикасында жинақталған әлемдік тәжірибені талдадық. Бұл білімнің барлығы Қазақстанда алғаш рет әзірленген феталдық хирургия бағдарламасының негізін қалады", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.Қазақстанда феталдық хирургияны іске қосуға дайындықты Денсаулық сақтау министрлігі екі жыл бойы жүргізген. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының (Алматы) және UMC (Астана) дәрігерлерінің бригадалары Қазақстанда және шетелде теориялық және практикалық даярлықтан өтті."Біз жыл сайын құрсақішілік ақауларды түзету бойынша 150-ге жуық операция жасауды жоспарлап отырмыз. Феталдық хирургия жобасы біздің орталықты дамытудың және еліміздің аналары мен балаларына медициналық көмектің сапасын жақсартудың жаңа кезеңі болады", - деді Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнара Нұрланова.Қазіргі уақытта аз инвазивті эндоскопиялық (фетоскопиялық) операциялар ашық хирургияны алмастыруда, өйткені олар ана мен ұрықтың денесі үшін қауіпсіз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді
Қоғамдық орында кальян шеккендерге 25 млн теңге айыппұл салынды
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Дәрігер адам өмірін 11 жылға ұзартатын кеңес ұсынды
Павлодар облысында моноқалаға жаңа әкім тағайындалды
СҚО мен Шэньси провинциясы 93 млрд теңгеге меморандумға қол қойды
“20 миллиондық торт“. Блогер Дархан жұбайының тойына қанша ақша кеткенін айтты
Қоғамдық орында кальян шеккендерге 25 млн теңге айыппұл салынды
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Елімізде сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтау жоспарланып отыр
«Балалар қараңғыда қайтады»: әнші Жазира Байырбекова бұрынғы сағатты қайтаруды ұсынды
Көкшетауда өрт кезінде бір адам құтқарылды
Түркістан облысында түрме офицерін үш бастығы ұрып-соққан
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді
«Ерке Есмаханның бір бөлшегі сіздермен бірге болады»: әнші оқырмандарын қызықтырып қойды
Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Жаңа жылда неше күн демалыс бар?
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Шығыс Еуропа Кубогы: қазақстандық шаңғышылар алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
Өрт шыққан үйде қалып қойған көкшетаулық тұрғын құтқарылды
Ақпан айында айқасайық! Жәнібек Әлімханұлы Канелоға жекпе-жек уақытын ұсынды
Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы тағайындалды