Қазақстанда алғаш рет “көбелек" балаларға операция жасалды

Бүгін Қазақстанда алғаш рет буллезді эпидермолизі бар балаларға операция жасалды. Бұл синдром “көбелек ауыруы” деген атпен белгілі. Сырқатқа шалдыққан адамдардың саусақтары бірігіп қалады. Елімізде өте сирек кездесетін дерт 108 адамнан анықталған.Буллезді эпидермолиз - өте сирек кездесетін генетикалық ауру. Жұқпалы емес. Ауруды "көбелек" синдромы деп атайды. Өйткені дертке шалдыққан баланың терісі көбелектің қанатындай нәзік болады. Дерттің басты себебі – геннің бұзылуы. Исамдун ХАРАМОВ, ҚҰМУ КЛИНИКАСЫ ОРТОПЕДИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Осы уақытқа дейін 10 науқас біздің қарауымда бар. Біз осы бір баланы мен өзім алып барып, осы бірінші отаны жасатып келдік. Ол Қызылордадан келген бала еді. Ол баланың қазіргі уақытта жағдайы жақсы. Екі қолы ашылды. Осы екі саусақтарымен өзі қасық ұстап, өзі тамақтануға мүмкіншілік алды. Күрделі операция жасауға кем дегенде 3 сағат кетеді. Бес сағатқа дейін созылатын кездер болды деп ресейлік мамандар тәжірибелерімен бөлісті. Владимир ЗАВОРОХИН, САНКТ-ПЕТЕРБУРГ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ КЛИНИКАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ: Көбелек ауруы бар балалар өзін тастанды санайды. Олар қолдарына үнемі қолғап киіп тұрғандай сезінеді. Өз бетімен ештеңе жасай алмайды. Өздеріңіз елестетіп көріңіздерші, коридорда бір баланың құлап бара жатқанын байқасыңыздар, қолынан ұстап қалуға тырысасыздар ғой. Ал бұндай балаларды жайдан-жай қолынан ұстай алмайсыз. Алматы облысынан келген қос бүлдіршіннің ата-анасы операцияны асыға күткенін айтады. 9 жастағы Есентайдың анасы Бақытгүл баласын жалғыз өзі өсіріп келеді. Қазіргі таңда Есентай үйден білім алып жатыр, “Емделген соң компьютермен өзім жұмыс жасаймын” деп ІТ саласына қызығушылық танытып жүр. Бақытгүл ӘБДІЛ, НАУҚАС БАЛАНЫҢ АНАСЫ: Әрине ауыр. Күтіммен өседі бала енді гентикалық ауруды ешқай жерде жазды деген ақпарат жоқ. Барлық жерге анализдерін, дигнозын жібердік. Үстінің бәрін тазалап мазь жағудан басталады күніміз. Кешкісін тағы солай. Көбелек ауруына шалдыққан балаларға ерекше күтім қажет. Дәрігерлердің айтуынша операциядан кейінгі оңалту кезеңінде дұрыс жасалатын күтім-өте маңызды. Сонымен қатар бүлдіршіндерге үнемі психологиялық көмек көрсетіп тұру керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапында қатарынан үш гол соқты
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
ШҚО-да қар көшкініне байланысты республикалық жолдың бір бөлігі жабылады
Бірнеше өңірде ауа ластанады
6 пәтер мен 19 люкс көлік алған: Қарағандыда ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері қызының еміне жиналған ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді
24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“Бір плюс, бір минуспен аяқталды“. Экономист 2024 жыл туралы
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды
2024 жылы ең көп қойылған есімдер. Тізімде кімдер көш бастап тұр?
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Жел, көктайғақ, тұман: 24 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жамбыл облысында электровоз жөндеу депосы іске қосылады
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы қоныс тойын тойлады
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Салтанат кейсі: 2024 жылғы тұрмыстағы шулы зорлық оқиғалары
Астанада шаңғы маусымы ашылды
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Төл шаңырақ – жетім жүрек жәннаты
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Қаңғыбас ит қауіп тудырады