Қазақстанда алтын бағасы екі аптада 11,5 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мәлімдеді.Бүгінгі таңда бір грамм алтынның ресми құны 29 347,83 теңгені құрайды. Соңғы екі аптада (13 наурыздан бастап) алтынның құны үш мың теңгеге немесе 11,5%-ға өсті. Бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш – бағалы металл соңғы рет бір жыл бұрын, яғни 2022 жылдың 29 наурызында қымбаттаған болатын. «Америкалық банктердің (артынша өзге елдердің де) проблемалары нарықтың құлдырауына әкелді. Ал алтын дәстүрлі түрде қорғаныш активі ретінде рөл ойнады: инвесторлар қауіпті сәтті қымбат металл арқылы айналып өткенді жөн көрді. Ал сұраныстың өсуімен бірге баға да көтеріледі», – деп түсіндірді мамандар.