"Қазақстанда әр адам жылына 3,5 мың литр су қолданады", - сарапшы

Еліміздің оңтүстік өңірлері көптен бері қуаңшылықтың зардабын тартып келеді. Әсіресе, биылғы жаздың ыстық болуы суға деген тапшылықты арттырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Су мәселесіне ерекше тоқталған еді. Мамандар Президент тапсырмасы саладағы мәселенің салмақты қаралуына ықпал ететін болды деп үміттенеді. Қазір әлемдегі біршама елдер су тапшылығын сезініп отыр. Әсіресе, Орта Азия елдері үшін тіршілік нәрі өзекті проблемаға айналғаны қашан. Жер көлемі үлкен Қазақстандағы бірнеше ірі өзендер бастауын өзге елдерден алады. Яғни, трансшекаралық болған соң, көршілеріміздің көңіл күйіне қарай су ішеміз. Мамандар тапшылықты азайту үшін алдымен үнемдеуді үйреніп, қадіріне жету керек дейді. Ерлан КӘРІМОВ, «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ» ӨҢІРЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Орлд-Метрс деген зерттеу орталығы бар. Олар мысалы Қазақстанда 3,5 мың литр жылына қолданады екен жаңағы суды. Бұл қолдану бойынша 11-ші орындамыз, яғни, суды көп қолданатын елдердің қатарындамыз адам басына шаққанда. Ал, судың бағасы бойынша 117 орындамыз. Нақты мәселе тарифте ғана емес, бұл үлкен мәселе осы суды дұрыстап қолдану. Су тапшылығы мәселесін шешу алдымен осы саладағы мықты мамандарды даярлаудан басталуы тиіс. Осылай деген қызылордалық ғалым Серікбай Өмірзақов соңғы уақытта сушы боламын дейтін жастардың жоқтың қасы екеніне қынжылады. Президент Жолдауынан соң су мамандығы үшін мемлекеттік грант саны артуы мүмкін деген ойда. Серікбай ӨМІРЗАҚОВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Беделі шамалы ақсаңқырап қалды. Жұмыс орындары азайып қалды дегендей. Айлығы төмен. Көптеген осындай мәселелерге байланысты бұған қызығушылық азайып кетті. Тіптен осы студенттер контингентін қалыптастырудың өзі проблема болып бара жатқан. Президент тапсырмасынан соң елімізде Су ресурстары және ирригация министрі құрылды. Сарапшылар су шаруашылығымен айналысатын жеке ведмствоның құрылуы мемлекетаралық келісімдер кезінде маңызды рөл атқарады деп біледі. Сайлаубай ЖҰБАТЫРҰЛЫ, ЭКОЛОГ-ЖАЗУШЫ: Өркениетті әлемде сулардың бөлісу принциптері бар. соған қолжеткізуімізге болады. Анаған, мынаған қол жаю дегенді қоямыз. Осыны өркениетті, мәдениетті түрде министрлік жолға қояды деген үмітіміз бар. Ауыл шаруашылығы саласы экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс деп қашаннан айтып келеміз. Су тапшылығы мемлекеттің бұл мақсатына жетуіне кедергі келтіріп отырғаны рас. Сондықтан мәселені бір жақты етпей әлеуетті арттыру әзірге әурешілік болып қала бермек. Ал, жаңа министрлік тапшылықтан құтылудың тиімді әдісін тапса, үміттің ақталғаны.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді