Қазақстанда автожолдар бойынша жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер қойылады

Автомобиль жолдары комитеті жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу ережелеріне түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.Ережеге Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру Халықаралық және Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесіне, атауына және индекстеріне, оның ішінде қорғаныстық пайдаланудағы автомобиль жолдарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылатынын көздейтін жаңа тармақ қосылды. "Қозғалысты ұйымдастыру кезінде, қозғалысты ұйымдастырудың 1-қосымшасында көрсетілген, уақытша қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында шектеу енгізіледі",- делінген толықтырылуда. Тиісті жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 11-00-ден 21-00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі: Абай облысы; Ақмола облысы; Ақтөбе облысы; Шығыс Қазақстан облысы; Батыс Қазақстан облысы; Қарағанды облысы (Қарағанды аймағы); Қостанай облысы; Павлодар облысы; Солтүстік Қазақстан облысы. Тиісті жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі: Алматы облысы; Атырау облысы; Жамбыл облысы; Жетісу облысы; Қызылорда облысы; Маңғыстау облысы; Түркістан облысы; Ұлытау облысы. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шағылтасты мастикалық асфальт-бетон жамылғысымен төселген учаскелерінде, жаз мезгілінің күндізгі уақытында ауа температурасы 250С жоғары болған кезде жеке білікке түсетін жүктемесі 9 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі. Жазғы кезеңнің күндізгі уақытында шектеулер келесі автокөлік құралдарына қолданылмайды: халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын; төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын; тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын; жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын; өте қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын; мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын; қарулы күштері, басқа әскери күштер және әскери қалыптастыру, және әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын авто көлік құралдарына шектеулер таратылмайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астаналық тұрғын көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен
АҚШ пен Израиль Йемен астанасына әуеден соққы берді
Алматы облысында өз туған күнінде жоғалған адам табылды
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты
Астанада қарлы боран: әкімдік қала тұрғындарына ескерту жасады
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек беретін 65 орталық бар
Семейдегі алаңға шырша орнату кезінде мұғалім құлады: министр пікір білдірді
Пияздың пайдасы мен зияны
“Алып ақ теңіз сегізаяғы“ ұсталғаны рас па?
Жамбыл облысының тұрғыны еңбек кітапшасындағы қате үшін зейнетке шыға алмады