Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде ерлердің 36%, әйелдердің 8,5% темекі тартады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Зерттеу республиканың барлық облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілді. Нәтижесінде зерттелген үй шаруашылығы мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 19,4 пайызы, яғни, ерлердің 36 пайызы, әйелдердің 8,5 пайызы темекі тартады."Ауылдық жерлерде темекі тартатындардың үлесі – 19,6%, қалалық жерлерде – 19,3%. Темекі тартатын халықтың жалпы санының 92,3% өнеркәсіпте өндірілген темекіні тартады", - делінген хабарламада.Өткен жылмен салыстырғанда темекі тартатын респонденттердің үлесі 29-38 жас тобы ішінде өскен.