Елімізде «Қарасора» операциясы барысында 233 есірткі қылмысы әшкереленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Шараға ішкі істер министрлігі мен ұлттық ұлан, қорғаныс министрлігінің арнайы бөлімшелері жұмылдырылған. Арнайы операция кезінде әуеден барлау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылған.Шұғыла ТҰРЛЫБЕК, ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ: Оның ішінде 87-сі сату фактісі, аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтаудың 33, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 86 фактісі, 4 есірткі зертханасы анықталды. Заңсыз айналымнан бір тоннадан астам есірткі, оның ішінде 642 келі марихуана, 29 келі гашиш, 4 келі синтетика және шамамен 1 келі героин тәркіленді