Қазақстанда азаматтық некеге оң қарайтындар саны көбейген

Қазақстанда азаматтық некеге оң қарайтындар саны көбейген.Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасы Нұрбек Матжани Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда әрбір 5-ші неке тіркелмеген.Оның мәліметінше, отбасын қолдау орталықтарының қызмет бойынша респонденттердің 70%-дан астамы Отбасын қолдау орталықтарының қызметтерін пайдаланбағанын, 19,3-ы сауалнамадан алғаш рет олардың бар екендігі туралы білгенін және тек 7,1%-ы ғана осы орталықтарға жүгінгенін айтты. Әсіресе, Отбасын қолдау орталықтарының қызметімен Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласының тұрғындары таныс емес болып шықты. «Азаматтық некеге көзқарасы бойынша орташа алғанда барлық жастағы адамдардың шамамен 25%-ы азаматтық некеге оң көзқараспен және 30%-дан астамы бейтарап қарайды, яғни Қазақстанда әрбір бесінші неке тіркелмеуі мүмкін. Қолдамайтындардың үлесі - 32,8%. Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі. Баяндамаға сәйкес, қазір ата-аналар жұмысбастылықпен балаларына тиісті уақыт пен көңіл бөле бермейді. Балалармен бірге үнемі уақыт өткізу көрсеткіші әйел адамдарда 44,5% болса, ерлерде – 25,6% екені анықталды. Бала тууды жоспарлау бойынша сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73,5%-ы бала тууды жоспарлау қажет деп санайды, 15,2%-ы жоспарлаудың қажеті жоқ деп есептесе, 11,3%-ы бұл сұраққа жауап бере алмаған», – деді спикер. Бүгінде қоғамда талқыланып жүрген әкелер институтының мәселелері бойынша респонденттердің 54,1% әкенің бала тәрбиесіне қатысқаннан гөрі, отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз еткен маңызды деп жауап берген. «Әрине, отбасы материалдық тұрғыдан жеткілікті болуы қажет, алайда бала тәрбиесіндегі әке рөлі екінші орында қалып қойып отыр. Сондай-ақ қоғамда жалғызбасты аналар мен жалғызбасты әкелер де бар, оған қоса ерекше балаларды, науқас балаларды өсіріп отырған әкелер егде жастағы және жас әкелер бар. Бұл әкелер де психологиялық, ақпараттық, медициналық, әлеуметтік-экономикалық көмек қажет деп есептейміз», - деді Нұрбек Матжани. Бұл ретте спикер Ұлттық баяндаманы дайындау барысында осыған дейін жасалған түрлі зерттеулердегі деректер мен материалдарды сараптап, респонденттермен сауалнама және сұхбаттар жүргізілгенін атап өтті. Бұл отбасы институтындағы, отбасы саясатындағы кең көлемде жинақталған мәселелерді, отбасыда қалыптасқан мінез-құлық паттерндерін жүйелі түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Семейдегі мұғалім оқиғасы: Директорлар сөгіс алып, білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін