ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті "Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz."Жаңа мұздатылған немесе салқындатылған балықтың жекелеген түрлерін (жайын және көксерке) шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", деп жазылған бұйрықта. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің түсіндіруінше, қайта өңделмеген балықты экспорттауға тыйым салу мәселесі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 қарашада Атырау облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын орындау үшін пысықталды. Статистика деректері бойынша өңделмеген балық экспортының барлық көлемінен үлесі ( жылына 22,5 мың тонна) – 12,3 мың тонна болды (55%)."Өз кезегінде, 2022 жылы барлық өңдеу кәсіпорындардың жалпы өндірістік қуаты 31,2 мың тонна балық қайта өңделді, жылына 142 мың тоннаға жуық болатын, яғни жүктеме 22% болды. Кәсіпорындардың жұмыс істемеунің себептерінің бірі балық шикізатының жетіспеушілігі. Осы мәселе бойынша теңдестірілген және ұтымды шешім қабылдау үшін ҚР ЭТРМ балық шаруашылығы субъектілерімен, бизнес өкілдерімен және барлық мүдделі тараптармен шектеулер енгізу мәселесін талқылау бойынша бірқатар кеңестер өткізді", – деп түсіндірді ведомство. Осыған байланысты, талқылау барысында айтылған кәсіпкерлік субъектілерінің пікірлерін ескере отырып, бастапқы кезеңде 6 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттағы үлесі 10% - дан аз жаңа мұздатылған (салқындатылған) және мұздатылған балықтардың экспортын шектеу ұсынылады, бұл жайын және көксерке.