Қазақстанда банк алдындағы қарызын 90 күнге кешіктірген азаматтарға несие берілмейді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжатқа сәйкес қарызы бар қазақстандықтарға кредит беруге тыйым салынбақ. Демек енді банк алдындағы қарызын 90 күннен бері төлей алмаған азаматтарға несие берілмеуі мүмкін. Әрі қаржы ұйымдары проблемалық несиені коллекторларға бермес бұрын борышкерге жаңа шарт ұсынуы керек. Сондай-ақ проблемалық берешекті реттеуді жүргізбеген тұтынушылардың кредиттерін коллекторларға сатуға тыйым салуы ықтимал. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжатқа сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдарына төлемін 90 күнге кешіктірген тұрғындарға кредит беруге тыйым салынбақ. Демек мерзімі өткен борышын өтеу үшін азаматтар қайта қарыз ала алмайды. Сондай-ақ коллекторлық агенттік қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру жоспарланып отыр. Ол үшін қарыз алушы мен мекеме арасындағы іс-қимыл кезінде коллекторлар қолдана алмайтын әрекеттер тізімі бекітіледі. Әрі қызметі де оңтайландырылады. Бұл түзетулер тұтынушылардың құқығын қорғауға көмектеседі. Қазір құжат қоғам талқылауына шығарылған. Бұдан бөлек мерзімі өткен берешегі бар тұтынушы 1,5 жыл ішінде қарызын реттеуге күш салуы қажет. Болмаса проблемалық борышы коллекторларға сатылады. Ал коллекторлық агенттіктер алдымен сатып алған берешегін реттеуге міндеттеледі. “Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап 18 ай ішінде проблемалық несиені реттеуді жүргізбеген жеке тұлғалардың кредиттерін коллекторларға сатуға тыйым салуды енгізу”, – делінген агенттік хабарламасында. Ал қарызды өндірерде заңсыз әрекеттерге барған коллекторлар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл коллекторлық агенттіктердің қызмет көрсету сапасын жақсартады. Әрі берешекті сотқа дейін реттеу институтының рөлін күшейту көзделіп отыр. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында демалыс аймағы өртенді
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
2025 жыл қандай болмақ?
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Дәрігер жастықты сақтауға көмектесетін тағамды атады
Каспийді сақтауға арналған ғылыми жоба ТМД елдерінің премьер-министрлеріне таныстырылды
Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қар құрсауында қалды
Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы
Жас спортшылар патриоттық челленджге қатысты
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қырғызстанда із-түзсіз кеткен қазақстандықты іздестіріп жатыр