Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгілеу жоспарланып отыр. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.ҚР Энергетика министрлігінің жобасында былай делінген:Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық жанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін: АИ-80 бензині – тоннасына 93 161 теңге; АИ-92 және АИ-93 бензині – тоннасына 193 649 теңге; дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге. Жоба 24 наурызда жарияланып, 30 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.