Наурыз айының қорытындысы бойынша макарон өнімдері бір жылда 35,1%-ға қымбаттады. Жекелей тоқталсақ, кеспе 36,2 пайызға, вермишель 35 пайызға, түтік кеспе 33,2 пайызға қымбаттады. Мұндай мәліметтерді ҚР Ұлттық статистикалық бюросы келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.Сала кәсіпкерлерін қолдауды күшейту керек. Қазақстандағы өнімдер айтарлықтай қымбаттап барады, бұл республиканың азық-түлік қауіпсіздігіне сөзсіз әсер етеді, дейді Finprom.kz сарапшылары. "Осындай жағдайда ШОБ және тамақ өнеркәсібіндегі өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар елдің әл-ауқаты үшін стратегиялық мәнге ие бола түседі", – делінген хабарламада. ЕО-дағы макарон өнімдерін өндіруші ұйымдар одағының макарон өнімдерін тұтыну жөніндегі рейтингі бойынша Италия бірінші орында (2021 жылы жан басына шаққанда 23,5 кг), Тунис екінші орында (жан басына шаққанда 17 кг) тұр . Қазақстанда жан басына 18 кг макароннан келеді.Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда макарон өнімдерінің өндірісі 39,3 мың тонна болды, бұл өткен жылмен бірдей дерлік (-0,8%). Негізгі өндіріс Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте, Батыс Қазақстан облысында және Астанада шоғырланған. Осы бес облыстың үлесіне саладағы жалпы өнім көлемінің 77 пайызы тиесілі болды.