Қазақстанда ұн өндірісі 3,7% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.2023 жылғы қаңтар-шілдеде елімізде 1,7 млн тонна ұн өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% артық (2022 жылғы қаңтар-шілде – 1,6 млн тонна). Импорт үлесіне ұнның 1,4% тиесілі, елге аталған өнімнің 24,2 мың тоннасы әкелінді. Импорт көлемі жеті айда 1,1% өсті. Биылғы қаңтар-шілде айларында экспортқа 1 млн тоннадан астам ұн жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық. Ішкі нарықта барлығы 716 мың тонна өнім сатылды, өткен жылмен салыстырғанда бұл 5,1% аз. Естеріңізге сала кетейік, бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісінің орташа бағасы - 225 теңге.