Қазақстанда бір өзі 116 несие алған әйел анықталды

Қазақстанда бір өзі 116 несие алған әйел анықталды

Ол демографиялық талдау әзірлеп, онда әртүрлі ұрпақтар буынына жататын заемшылардың ахуалын сараптады. Соның негізінде бүкіл банк секторы активтерінің сапасын, несиелік тәуекелдерін және резервтерінің қауіп-қатерлерге қаншалықты сайма-сай екенін бағалады.Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2023 жылдың басында Қазақстанда 18-ден ересек 13 миллион адам болған. Басым көпшілігінің, 53%-ының қолданыстағы қарызы бар. Тарата айтқанда, олардың мойнындағы кепілсіз тұтынушылық кредиттердің (RETCON) жалпы берешегі 6,9 триллион теңгеге жетіпті. Ипотекалық кредиттер (RETEST) мен автокредиттер (RETCAR) сомасы – әрқайсысы бойынша 1,6 триллион теңгеге тең болды. Қаржылық реттеуші бұл соманың бұдан әлдеқайда көп екенін ескертті. Өйткені талдау "Отбасы банк" АҚ-ын қамтымаған, ал бұл мемлекеттік банк аз қамтылған отбасыларға, әскерилерге, әйелдерге және басқасына арналған барлық мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың бас операторы болып табылады. Оны қоспағанның өзінде қазақстандықтардың жекеменшік банктерге жалпы берешегі 10 триллион теңгеден асты. Сөйтіп, 2022 жылғыдан бірден 3,3 триллион теңгеге артқан. Талдау қорытындысында белгілі болғанындай, қарыз алып, қайтара алмай қалған жеке тұлғалардың 52%-ы – ер адамдар, 48%-ы – әйелдер болған. Бұл ретте ер адамдар 5 жыл ішінде дефолтқа түскен қарыздар EAD-сінің (DEFAULT EAD) 59%-ын құрады. Ерлерге қарағанда, нәзік болмыс иелері несиеге ұқыпты қарап, мезгілінде төлеуге тырысатыны байқалады. "Талдау барысында ерлерге берілген қарыздардың арасында жинақталған кредиттік шығындардың үлесі (3-саты) 10,3%-ды құрайтыны анықталды, ал әйелдерге берілген қарыздар үшін бұл көрсеткіш 7,8%-ға тең. Демек, 3-сатыдағы қарыздардың үлесі арқылы бағаланатын кредит сапасы ерлерге қарағанда әйелдерде жоғары. RETEST портфелінде ерлер қарыздары арасындағы 2 және 3-сатылардағы EAD үлесі әйелдер қарыздары арасындағы ұқсас көрсеткіштен 4 пайыздық тармаққа артық, бұл ретте ерлер арасындағы 1-саты үлесі 8 пайыздық тармаққа төмен", – деп түсіндірді агенттік сарапшылары. Тиісінше, әйелдерге қарағанда ерлердің кредиттері көбірек кешірілген. Қаржылық реттеу агенттігінің мәліметінше, есептен шығару статистикасында заемдардың саны бойынша да (52%), кешірілген берешектің сомасы бойынша да (59%) еркектер басым түсті. Ендеше банктердің ең жақсы клиенті де нәзік жандылар болып отыр. Кешірілген немесе сомасы азайтылып төленген кредиттер арасында 41 пайызы ғана әйелдерге тиесілі. Соған қарамастан, банктер сомасы 15 миллион теңгеден асатын ірі кредиттерді ерлерге көбірек береді. 2 миллионға дейінгі ұсақ заемдарда ғана әйелдердің үлесі басым. Кешірілген несиелердің орташа көлемі ерлерде 545,5 мың теңгені, әйелдерде – 438,3 мың теңгені құрапты. Әйелдердің дефолт алдындағы қарызы тек ипотека саласында жоғары. Баспананың зілбатпан ауыртпалығын нәзік иығымен жалғыз көтеру оларға еңсеріле бермейтін жүк болса керек. Ең көп кредит алатын жастағылар анықталды Ведомство борышкерлерді жас шамасына қарай да бөлді. Агенттіктің хабарлауынша, Қазақстанда жеке қарыз алушылардың көпшілігін "Миллениалдар" деп аталатын 1982-2000 жылдар аралығында туылған адамдар құрады. Яғни, банктердің негізгі заемшылары да миллениалдар. Бір жақсысы, ғасырлар тоғысында туыс-өскен бұл ұрпақ өзін жауапты тұлға ретінде көрсете алды. Соның арқасында миллениалдардың жалпы кредиттік тарихы, несиелерінің сапасы басқа ұрпақтарға қарағанда жақсы. Кепілдігі бар қарыздар бойынша дефолттар мен банкроттыққа көбінесе, 1963-1981 жылдар аралығында дүниеге келген Х (икс) ұрпағының қарыз алушылары жол береді. Кредит кешірудің қызығын да солар көбірек көрген екен. Ал кепілсіз қарыздар бойынша дефолттар статистикасында керісінше, миллениалдар, әсіресе ер адамдар қарасы қалың болып шықты. 1943-1962 жылдар аралығында, соғыстан кейінгі кезеңде өмір есігін ашқан аға ұрпақ, яғни бэби-бумерлер арасында көбіне-көп әйелдер кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша дефолттарға тап болды. Айтпақшы, жаңа ғасыр басында, 2001-2005 жылдары жарық дүниеге келген Z ұрпақта, ерлері арасында кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша дефолтқа душар болудың алғашқы деректері тіркеліп жатыр. Қарыз алушылар арасында әзірге бұл ұрпақтың қатары шағын. "Банктерден несие алатындардың негізгі үлесі миллениалдарға тиесілі. Дегенмен, үш портфельдің ең үлкені – RETCON бойынша бэби-бумерлердің, әсіресе әйелдердің үлесі жоғары. Бұл әйелдердің өмір сүру жасының ұзағырақ болуымен түсіндіріледі. Алайда өткен жылмен салыстырғанда бэби-бумерлердің – соғыстан кейінгі жылдары туған ұрпақтың үлесі барлық портфельдер бойынша азайып кетті", – деп тұнжыраңқы жаңалығын бөлісті Қаржылық реттеу агенттігі. Егжей-тегжейлі тоқтала кетсек, ипотекалық кредиттер (RETEST) бойынша әйелдер арасында: Бэби-бумерлердің (1943–1962) үлесі – 1,7%; Х ұрпағының (1963–1981) үлесі – 39,1%; Миллениалдардың (1982–2000) үлесі – 59,2%. Ерлер арасында: Бэби-бумерлердің үлесі – 1,7%; Х ұрпағының үлесі – 25,7%; Миллениалдардың үлесі – 72,5%. Кепілсіз тұтынушылық кредиттер (RETCON) саласында, әйелдердің арасында: Бэби-бумерлердің үлесі – 9,5%; Х ұрпағының үлесі – 42,1%; Миллениалдардың үлесі – 46,9%, Z ұрпағының (2001–2005) үлесі – 1,5%. Ерлер арасында: Бэби-бумерлердің үлесі – 5,8%; Х ұрпағының үлесі – 34,6%; Миллениалдардың үлесі – 58%, Z ұрпағының (2001–2005) үлесі – 1,6%. Автокредиттер (RETCAR) бойынша қарыз алған әйелдер арасында: Бэби-бумерлердің үлесі – 2,7%; Х ұрпағының үлесі – 45,7%; Миллениалдардың үлесі – 51,6%. Ерлер арасында: Бэби-бумерлердің үлесі – 2,8%; Х ұрпағының үлесі – 38,6%; Миллениалдардың үлесі – 58,5%. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тосын жайтты жария етті. Елімізде ең көп кредит алған рекордсмендер анықталды. Дербес құпияны ашпау үшін ведомство ол кісілердің атын атамады. Бір белгілісі, әйелдер арасындағы рекордшының басындағы несиелерінің саны еркектер арасындағы рекордшыдан екі еседей асып түсті. "Орташа алғанда, Қазақстанда ерлер мен әйелдер 2 қарыздан алады. Алайда әйелдер негізінен, өздеріне ұсақ қарыздарды көп ресімдейді. 2023 жылы бір ғана ер адам алған қарыздардың ең көп саны – 69 заемды құрады. Бұл алдыңғы жылғы ең көп қарыз алған ер адамнан 10 несиеге кем. Ал әйелдер арасында ең көп қарыз алған адам өзгермей қалды және ол 116 заемға ие", – деп мәлім етті агенттік мамандары. Ерлер де, әйелдер де көп жағдайда тек 1 банктен кредит алуды жөн көреді. Мәселен, әйелдер мен ерлердің шамамен 64%-ы тек бір банктің алдында қарыз. Әйелдер мен ерлердің екі банктегі кредиттері бар үлесі шамамен – 26%. 3 банкке берешек болып қалған әйелдер мен ерлердің үлесі шамамен – 8%. Ипотека, кепілзаты қойылған несиелер және өзге кепілсіз кредиттер арасында әйелдердің 95,1%-ы – қарыздың тек 1 түрін, 4,8%-ы – 2 түрін иеленген. Ерлердің 93,5%-ы – 1, ал 6,3%-ы – 2 түрі үшін қарыз алған. Жалпы, қарыз алушылар саны да, берешектің көлемі де алда тек арта беретінге ұқсайды. Қаржылық реттеуші жаңа ғасырда туған Z ұрпақтың қарыз алуды енді ғана бастағанын айтып отыр. Әлеуметтанушы, психологтардың байламынша, "зумерлер" селсоқ, жауапсыздау, сауатсыздау, әлеуметтік желіге тәуелді, Айфон мен сыртқы жылтыраққа үйір буын саналады. Олардың статистиканы бүлдірмесіне, борышқа белшесінен батпасына кепіл жоқ. "Кейінгі жылдары Қазақстан халқының шектен тыс көп кредит алуы проблемаға айналды. Бір басында ондаған несиесі бар адамдар пайда болды. Сондықтан мемлекет банктердің халықты қарыз алуға ынталандыруына тыйым салғаны жөн деп санаймын. Бүгінде барлық адамның ұялы телефонында банктердің қосымшалары орнатылған. Солардан жылдам заем алу, тауарды, қызметтерді несиеге рәсімдеу туралы SMS-хабарламалар, push құлақтандырулар өте көп, жиі-жиі келеді. "Зарыға күтпе, өз арманыңды қазір-ақ кредитке орында!" деп жанын арбайды. Содан тіпті кредит алғысы келмеген, соған қажеттілігі болмаған адамдар да еріксіз келісе салады. Мұндай жарнамаларды тыйса, банктерге негізінен, шын мәнінде қарызға мұқтаж адамдар ғана жүгінер еді", – деді кәсіпкер Никита Луспарян. Дегенмен, агенттіктің Астана қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Рустам Габдулкафеев банктердің халықты кредит алуға ынталандыратын SMS-жөнелтілімдері мен хабарламаларына тыйым сала алмайтындарын түсіндірді. Оның айтуынша, банктер туралы заңына сәйкес, банктерге өмір шындығына сәйкеспейтін, жалған жарнама беруге тыйым салынады. Жарнаманы орналастыру бойынша өзге шектеулер "Жарнама туралы" заңында регламенттелген. Банктер туралы заңнама бойынша "мемлекеттік органдарға және олардың лауазымды тұлғаларына банктердің қызметіне араласуына тыйым салынған". Мемлекеттен банктерге тыйым болмаған соң дүрмекке еріп, қарыз рәсімдеп қойған, артынан сан соғып, өкінген адамдар миллиондап саналады.

Алматыда 14 желтоқсанда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр
Алматыда 14 желтоқсанда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр
  • almaty_tv
  АҚШ долларының бүгінгі бағамы жарияланды
АҚШ долларының бүгінгі бағамы жарияланды
  • aikyn
Астанада cәйгүліктер сайысы өтіп жатыр
Астанада cәйгүліктер сайысы өтіп жатыр
  • baq.kz
Футбол алаңынан саясат алаңына
Футбол алаңынан саясат алаңына
  • aqshamnews
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
  • aqshamnews
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
  • aqshamnews
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
  • aqshamnews
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
  • aqshamnews
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
  • aqshamnews
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
  • aqshamnews
Доллардың бүгінгі бағамы
Доллардың бүгінгі бағамы
  • aqshamnews
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
  • aqshamnews
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті
  • sn.kz
  Өскеменде жылы аялдаманың шынысы қыздың үстіне құлап кетті
Өскеменде жылы аялдаманың шынысы қыздың үстіне құлап кетті
  • aikyn
Астаналықтарды жарықсыз қалдырған қылмыстық топ ұсталды
Астаналықтарды жарықсыз қалдырған қылмыстық топ ұсталды
  • baq.kz
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
  • aqshamnews
Астанада егізге жүкті әйелге алғаш рет жатырішілік ота жасалды
Астанада егізге жүкті әйелге алғаш рет жатырішілік ота жасалды
  • el.kz
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді: 14 желтоқсан 2024, 18:00 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді: 14 желтоқсан 2024, 18:00 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Грузияның жаңа президенті сайланды
Грузияның жаңа президенті сайланды
  • halyq-uni
Қазақстанда президент резиденциясының орнына стадион салынады
Қазақстанда президент резиденциясының орнына стадион салынады
  • penalty
  Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
  • aikyn
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
  • aqshamnews
Мас астаналық есігі ашық көлікті ұрлап, бағанаға соғылды
Мас астаналық есігі ашық көлікті ұрлап, бағанаға соғылды
  • Massaget
Оңтүстік Корея Парламенті президентке импичмент жариялады
Оңтүстік Корея Парламенті президентке импичмент жариялады
  • halyq-uni
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Қазақстан құрамасы ММА бойынша әлем чемпионатында 7 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы ММА бойынша әлем чемпионатында 7 алтын медаль жеңіп алды
  • turkystan
Қазақстанның УЕФА рейтингіндегі орны белгілі болды
Қазақстанның УЕФА рейтингіндегі орны белгілі болды
  • bassport.kz
"Ертіс" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
"Ертіс" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
  • el.kz
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
  • penalty
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
  • turkystan
Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде Путинмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде Путинмен кездесті
  • sn.kz
Президент республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді
Президент республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді
  • almaty_tv
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • sn.kz
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • el.kz
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
  • sn.kz
Абай облысында әскери бөлім өкілі әріптесін пышақтап тастаған
Абай облысында әскери бөлім өкілі әріптесін пышақтап тастаған
  • halyq-uni
Елордада егіз балаға жүкті әйелдің жатырына күрделі ота жасалды
Елордада егіз балаға жүкті әйелдің жатырына күрделі ота жасалды
  • almaty_tv
«Менімен ақылдасқан жоқ, енді мойнымен көтерсін». Гүлзира алданып қалған келіні Жұлдыз туралы айтты
«Менімен ақылдасқан жоқ, енді мойнымен көтерсін». Гүлзира алданып қалған келіні Жұлдыз туралы айтты
  • qaz365.kz
Роза Рымбаева «Абай облысының құрметті азаматы» атанды
Роза Рымбаева «Абай облысының құрметті азаматы» атанды
  • halyq-uni