Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,06 теңгеге төмендеп, 449,15 теңге болғанын мәлімдеді.Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де төмендеп, 65,41 теңге (-0,40) болды. Еуро бағамын Ұлттық банк 498,18 теңге, рубль бағамын 5,63 теңге деп белгіледі. Ақша айырбастау орындарында доллар 448,5-451,5 теңге, еуро 491-497 теңге, ресей рублі 5,4-5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр. Мұнай бағасы тұрақты. Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы өзгеріссіз қалды (баррелі 79,31 теңге), WTI маусымындағы фьючерстері 0,04%-ға өсіп, 75,7 доллар болды.