Былтыр екі азамат Air Astana авиакомпаниялар тобының қара тізіміне енген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «2023 жылдың 1 наурызынан бастап «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңның жаңа ережесі күшіне енген соң, авиакомпания әуе тасымалы шектелген адамдардың тізіміне жолаушыларды енгізе бастады. 2023 жылы әуе тасымалы шектеулі тұлғалардың тізіміне екі жолаушы енген», - деп түсіндірді Air Astana баспасөз қызметі. Сондай-ақ, компания қара тізімдегі жолаушылар полиция немесе сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап бір жыл өткен соң тізімнен шығарылуы мүмкін екенін атап өтті. Scat және Qazaq Air авиакомпаниялары жолаушыларды қара тізімге енгізу тәжірибесін қолданбайтын болып шықты.