Қазақстанда ең жас және ең егде жастағы министр кім?

Қазақстанда министрлердің орташа жасы 49,9 жасты құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Ең егдесі – экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев: 62,5 жаста. Екінші және үшінші орындарда қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы Жақсылықов (58 жас) пен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпелұлы Сапаров (57,7 жас). Ал ең жас министрі атағы көлік министрі Марат Қарабаев, оның жасы небәрі 36,6-да. Екінші және үшінші орындарды төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлы Әрінов (40,3 жаста) пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин (41 жаста) тұр. Қазақстандағы министрлердің жасы: Ерлан Нысанбаев, экология және табиғи ресурстар министрі – 62,5 Руслан Жақсылықов, қорғаныс министрі – 58 Айдарбек Сапаров, ауыл шаруашылығы министрі – 57,7 Нұржан Нұржігітов, су ресурстары және ирригация министрі – 56,9 Светлана Жақыпова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – 56,1 Ержан Саденов, ішкі істер министрі – 55,3 Ғани Бейсембаев, оқу-ағарту министрі – 54,7 Ермек Маржықпаев, туризм және спорт министрі – 54,5 Алмасадам Сәтқалиев, энергетика министрі – 53,3 Ақмарал Әлназарова, денсаулық сақтау министрі – 53 Аида Балаева, мәдениет және ақпарат министрі – 49,6 Нұрлан Байбазаров, ұлттық экономика министрі – 48,4 Мұрат Нұртілеу, сыртқы істер министрі – 47,9 Арман Шаққалиев, сауда және интеграция министрі – 46,2 Мәди Тәкиев, қаржы министрі – 45,9 Азамат Есқараев, әділет министрі – 44,4 Саясат Нұрбек, ғылым және жоғары білім министрі – 42,8 Қанат Шарлапаев, құрылыс және өнеркәсіп министрі – 42,6 Бағдат Мусин, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі – 41 Шыңғыс Әрінов, төтенше жағдайлар министрі – 40,3 Марат Қарабаев, көлік министрі – 36,6. Ranking.kz мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі министрлердің орташа жасы да 50,9-ды құрайды. Қазақстанда ведомство басшыларының 21-інің 10-ы бұл көрсеткіштен асып кеткен. Сонымен, ЕАЭО-дағы ең жас министрлер кабинеті Арменияда екен – 40,9 жас. Ал ең егде жастағы министрлер Ресейде: орташа жас 55,1-ді құрайды. Қырғызстанда министрлердің орташа жасы 52,6-ға, Беларусьте 51,6-ға тең. Еуразиялық экономикалық елдер арасында ең егде жастағы министр – Ресейдің сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров. Оның жасы 73,9-да. Сонан соң Ресейдің энергетика министрі Николай Шульгинов (72,8), Ресейдің көлік министрі Виталий Савельев (70,1), Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу (68,7), сондай-ақ Беларусьтің табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі Андрей Худык (65) тұр. Ал ең жас министр деп Арменияның жоғары технологиялық өндіріс министрі Мхитар Айрапетянды айтуға болады, ол небәрі 33,8 жаста екен. Сонымен қатар жастардың қатарына Арменияның еңбек және әлеуметтік мәселелер министрі Нарек Мкртчянды (34,7), Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаевты (36,6), Армения қорғаныс министрі Сурен Папикянды (37,8) және Қырғызстанның әділет министрі Аяз Баетовты (39,2) жатқызуға болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті