2023 жылдың басында халық саны 19 766 мың адамды құраса, оның 9 647 мыңы ер адамдар екен, деп хабарлайды Zakon.kz.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ер адамдардың көп бөлігі Түркістан облысында тұрады – 1 079 мың, ал ең азы Ұлытау облысында – 108 мың. "0-14 жас аралығындағы ер балалар саны 3 млн болса, 15-62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 876 мың, ал 63 жастан жоғары зейнеткер саны – 767 мың", делінген хабарламада.Ведомство атап өткендей, жұмыспен қамтуға келетін болсақ, ерлердің көпшілігі өнеркәсіп саласында қызмет етеді – 16,8%, көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында 14%, тағы 14% ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбек етеді. "Ерлердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 70,2 жыл. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрған ерлердің орташа жасы – 28 жас", делінген хабарламада.