Қазақстанда ет өндірісі 7%-ке артты

Биылғы жылдың қаңтар-шілде қорытындысы бойынша, Қазақстанда ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы мен жылқы тұқымдас малдың жас еті немесе салқындатылған ет өндірісі бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 6,5%-ке өсті.Бұл туралы ҚазАқпарат Energyprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Ең көп өндірген өңір Қостанай облысы: 7,5 мың тонна, жылдық өсім — 25%. Үздік үштікке Ақтөбе (6,3 мың тонна, плюс 1,7%) мен Солтүстік Қазақстан облысы (6,2 мың тонна, плюс 28,5%) кірді. 2022 жыл ішінде елде жалпы 73,1 тонна ет өндірілген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 11,4%-ке көп. Биыл 1 тамыздағы жағдай бойынша, елде 9,7 млн ірі қара мал бар екен, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,7%-ке көп. Оның ішінде 4,8 млн сиыр бар, плюс 4,7%. Сондай-ақ жылқы (7,7%-ке, 4,2 млн басқа дейін), түйе (4,4%-ке, 280,7 мың басқа дейін) және қой (3,6%-ке, 23 млн басқа дейін) көбейді. Керісінше, ешкі басы 3,9%-ке 2,6 млн басқа дейін, шошқа — 2,7%-ке, 818,3 мың басқа дейін, құс — 0,3%, 49,6 млн басқа дейін қысқарды. Биыл шілде қорытындысы бойынша ет, ет өнімдері бағасы бір айда 0,3%-ке, бір жылда 11,2%-ке көтерілді. Аймақтар бойынша бір жыл ішінде ет қымбатшылығын әсіресе елорда тұрғындары сезді: плюс 16,3%. Одан кейінгі орындарда Алматы (плюс 15,5%) мен Солтүстік Қазақстан облысы (плюс 15,2%) тұр. Ал ең төменгі өсім Түркістан облысында тіркелді 5,7%. Еттің түрлеріне келер болсақ, сиыр еті 11,5%-ке, қой еті 7,1%-ке, шошқа еті 11,9%-ке, жылқы еті 9,1%-ке, пісірілген шұжық 14,5%-ке, жартылай ысталған колбаса 12,7%-ке өсті. Дүкендер мен нарықтағы сиыр еті бағасы Қазақстан бойынша орта есеппен келісіне 2,6 мың теңге, қой еті - 2,8 мың теңге, шошқа еті — 2,2 мың теңге, жылқы еті — 3 мың теңге, пісірілген шұжық — 2,8 мың теңге, жартылай ысталған шұжық — 3,3 мың теңге.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жасанды интеллект ұсынған 2025 жылға арналған жұлдыз жорамал
Жұптық сындағы қазақстандық теннисшілер үшін "Үлкен дулыға" турнирі аяқталды
«Баласы бар келіншекке үйленемін»: Жахан Отарғалиев үшінші рет шаңырақ көтерді
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді
Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Ақтөбе облысында аудан ауруханасына жаңа жабдықтар берілді
Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты ойын айтты
Израиль мен ХАМАС қақтығысты тоқтатуға келісті - Reuters
Елордада 200-ге жуық мектеп оқушысы жұмысшы мамандығы бойынша диплом алады
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды
Жітіқарада үйі өртеніп, бес баласынан айрылған әйел сотталды
«Қалағанынша бақытты болуға лайықты»: Балжан Бидаш экс-күйеуінің үйленуіне қатысты ойын айтты
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Анастасия Городко Қазақстанға Универсиаданың екінші алтын медалін сыйлады
Қазақстан студенттері фристайл-могулдан Дүниежүзілік қысқы универсиадада үздік нәтиже көрсетті
Ақмола облысында 80 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды
Ақмола облысында мас танысының атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды