Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.Атап айтқанда, тізім келесі мерекелермен толықтырылды: Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір;Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір; Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр; Ветеринарлар күні – 10 шілде; Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі; Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан; Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні 18 қараша. Құжат 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.