Қазақстанда бірінші ақпан - авиация қызметкерлері күні деп белгіленді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, мұндай ұсыныс Қазақстанның азаматтық авиациясы соғыс және еңбек ардагерлерінің біріккен кеңесінен түскен. "Қазақстан Республикасы көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті бұл мерекені белгілеу бойынша барлық тиісті жұмыстарды атқарды, ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады", – делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында. Мамандар бұл кәсіби мереке еліміздің азаматтық авиациясы саласындағы іс-шараларға ерекше мән беретінін және мемлекеттің жас авиaция мамандарының патриоттық рухын дамытуға ынталандыру болатынын атап өтті.