Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қадырәлі Facebook-парақшасында жазды."Қадірлі достар! Жағымды жаңалығымыз бар. 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған "Қазақ" газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі. Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлттық ренессанстың қайнар көзіне айналып, халқымыздың ақыл-ойын, сана-сезімін бөлек арнаға бұрды. Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен еді. Енді міне, журналистер қауымы үшін тағы бір атаулы күн белгіленіп отыр. Баспасөз саласында еселі еңбек етіп, қалам тербеп жүрген барша әріптестерімізді ұлттық баспасөз күнінің белгіленуімен құттықтаймын!" - деп жазды ол. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирін жеңіспен бастады
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Түркістанда креативті хаб ашылды
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді