Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасының екінші кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасының екінші кезеңі қашан басталары белгісіз. Өткен жылдың қарашасына жоспарланған. Бірақ мерзімі ұзартылып келеді. Өтініш беріп, кезегін күтіп жүргендер көп. Ал автосалондарда жаңа көлік жоқ. Тілшіміз Сүндет Оралбеков тарқатады.Қарағандылық Асхат Бейсекеев жеңілдетілген несиемен көлік алуға жарты жыл бұрын өтініш берген. Айтуынша, қажетті құжаттардың барлығы түгел және төлем қабілеті де расталған. Бірақ банк рұқсат бермей қойған. Асхат БЕЙСЕКЕЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Барлығына тиімді әрі ашық болса деймін. Мысалы, менің KIA көлігін алғым келді. Кей адамдарға 10%-тік алдын ала төлем жасау керек, кейбіреулерінен қажет етпейді. Өтем қабілетін де растау керек. Банк бір адамдарға несиеге рұқсат беріп жатыр, кейбіреулерге рұқсат жоқ. Және көліктер жетіспей жатады. Резервте тұрса деймін. Асхат секілді сергелдеңге түскендер аз емес. Кезегін күтіп жаңа көлік тақымдағандары да бар. Өткен жылы автонесиеге 100 млрд теңге бөлінді. Бірақ небәрі 14 мыңға жуық өтініш мақұлданып, 11 мыңы көлік алған. БЛИЦ: - Жыл болды алғанымызға. Интернеттен қарап отырсақ, мыналар уже 5 миллионға қымбаттап кеткен. Бір жылдың ішінде. - Қазір қандай машина аласыз 4%-пен. Нормальный машиналар 15 миллионнан басталады. - Меніңше 4 процент өте тиімді. Отандық көліктерді құрастыру да қарқынды түрде жүзеге асар еді. Көліктің жетіспеушілігі- негізгі мәселенің бірі. Қазақ автобизнес қауымдастығының мәліметі бойынша, өткен жылы елімізде небәрі 99 мың көлік шығарылды. Ал ел тұрғындары 110 мыңға жуық көлік сатып алған. Нәтижесінде жеңілдетілген бағдарлама бойынша көлік жеткіліксіз болды. Өтініш берушілер алдымен автосалонға барып, кейіннен банк кезегіне тұратын. Енді жаңа жүйе енгізілмек. Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: Өнеркәсіпті қолдау қоры электронды кезекті енгіземіз деп отыр. Қордан электронды түрде кезекті алады. Қорға келген соң кезекпен бірге салонға барады. Ал салон екі айдың ішінде соған машина тауып беруі тиіс деген, олар ұсынып отыр. Бірақ оған қазір салонмен бірге, яғни автокөлік өндірушілермен пысықтап жатыр. Екі айдың ішінде тауып бере ала ма көлік. Яғни олар приоритетті түрде, басым түрде бола ала ма. Сарапшылар "жеңілдетілген несие көліктің нарықтағы бағасына әсер етіп жатқан жоқ", - дейді. Оған басқа факторлар себеп болуда. Оңғар ТОҚАНОВ, АВТОСАРАПШЫ: Төмендетілген автонесиенің бұрынғы 2015 жылғы қосылған механизмі болды ғой. Ол кезде халықта сонша сұраныс болған жоқ осы жеңілдетілген автонесиеге деген. Соның өзінде 2015жылмен салыстырсақ көліктің бағасы кемінде екі есе өскен. Яғни бұл соншалықты қатты әсер ете қояды деп айтуға келмейді. Автонесиенің екінші толқыны қашан іске қосылатыны әзірге нақты белгісіз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті
Маңғыстауда полицейлер бекіре мен уылдырықтың заңсыз айналымын тоқтатты
Алматыда ауыл балалары арасында алты спорт түрінен республикалық жарыс өтті
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді