Қазақстанда жесірлерге жаңа мәртебе беріледі

Қазақстанда «жесірлер» санаты – жеке дербес санатқа бөлінді. Ол халықтың әлеуметтік осал топтары тізіміне жаңа санат ретінде қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.Айта кетейік, бүгін мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жолдады. Заң жобасы тұрғын үй қатынастары саласында біраз өзгерістерді көздейді. Басты өзгерістердің бірі – енді заң жобасында әскери қызметті атқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде, сондай-ақ адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасын бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша норма енгізілген. «Заң жобасына «сатып алу құқығынсыз» азаматтарға жалға берілген тұрғын үйлерді – енді «жекешелендіру құқығын беру» туралы ұсыныс енгізілді. Осы ұсыныс қолдау тапты. Бүгінгі таңда сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үйлер – халықтың әлеуметтік осал топтарына ғана берілетіні белгілі. Бұл азаматтарға жалға берілетін баспананы жеке меншік ретінде қалдық құнымен алуға мүмкіндік береді. Мұндай жаңа жекешелендіру құқығын – барлық өңірлерде 51 мың халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтары пайдалана алады», - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат Ұлықбек Тұмашинов. Үшіншіден, Тұмашинов атап өткендей, жалғыз баспанасы «апатты тұрғын үй» деп танылған үйдің орнына берілген тұрғын үйді жекешелендіру құқығын беру енгізіліп отыр. Ол қолдау тапты. Бұл ұсыныс 1600 астам азаматтардың мәселесін шешуге бағытталған. «Сонымен қатар, асыраушысынан айырылған адамдардың мүдделерін қорғау мақсатында «жесірлер» санаты – жеке дербес санатқа бөлінді. Ол, халықтың әлеуметтік осал топтары тізіміне жаңа санат ретінде қосылды.Бұл түзетуді депутаттар енгізіп, Үкімет қолдады», - деді ол. Бұл ретте асырауында кәмелетке толмаған балалары бар және күндізгі бөлімде оқитын балалары бар (23 жасқа толғанша) бар адам жесір болып саналады. «Парламент Мәжілісінің комитеттері Заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді. Заң жобасы бойынша 557 ұсыныс енгізілді. Жұмыс тобының отыз екі отырысы, Комитеттің кеңейтілген отырыстары өтті», - деді сөзін қорытындылаған ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
«Жүрегім бос»: Қуат Хамитов қандай жар іздеп жүргенін айтып берді
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді