Биылғы екінші тоқсанда елімізде жоғары білім беру саласындағы қызметтер көлемі 129,2 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылға қарағанда 7,1%-ға көп. Қызметтердің негізгі бөлігі бюджет есебінен көрсетілген (73,8 млрд теңге). Халық есебінен – 51,6 млрд теңге, кәсіпорындар есебінен – 3,8 млрд теңге, деп хабарлайды Azattyq Ruhy finprom.kz порталына сілтеме жасап.Республика бойынша секторда ең көп қызмет көлемі Алматыға тиесілі - 48,3 млрд теңге. Оңтүстік астананың үлесі – 37,4%. Үздік үштік қатарында Астана (23,6 млрд теңге) және Шымкент (10,7 млрд теңге) бар. Сектордағы ең аз қызмет Ұлытау (168,6 млн теңге), Қызылорда (752,8 млн теңге), Жетісу (799,1 млн теңге) облыстарында көрсетілген. Жоғары білім беру саласындағы қызметтердің денін мемлекеттік компаниялар көрсетті: 73,5 млрд теңгеге. Жеке компаниялар – 54,2 млрд теңгеге, шетелдік компаниялар 1,5 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұдан бөлек саладағы қызметтердің айтарлықтай бөлігін ірі компаниялар көрсетсе (118,1 млрд теңгеге), орташа компаниялар үлесіне – 6,3 млрд теңге, шағын компанияларға 4,8 млрд теңге тиесілі.