Қазақстанда жол апаты көбінде дүйсенбі және сәрсенбі күндері жасалады

Статистикаға сүйенсек, биылғы 9 айда 9,8 мыңнан астам жол-көлік апаты тіркелген, соның салдарынан 14 мың адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform Бас прокуратураға сілтеме жасап. 1,6 мың адам қаза тапты, оның ішінде:210 — кәмелетке толмаған балалар, 488 — әйелдер, 1192 — ер адамдар. Сондай-ақ 660 — жолаушылар, 485 — жаяу жүргіншілер, 447 — жүргізушілер. Аймақ бойынша ең көп жол апаты: Алматы қаласы — 2556, Алматы облысы — 961, Жамбыл облысы — 695, Түркістан облысы — 616 Астана қаласы — 570. Апаттың негізгі себептері — адами фактор. Жылдамдықты асыру — 2 381, Жаяу жүргіншіге басымдық бермеу — 1 473, Жол белгілерін сақтамау (жылдамдықты шектеу белгілерін есепке алмағанда) — 380, Өзге де жол қозғалысы ережелерін сақтамау — 5 635. Апаттың 88% астамы жүргізушілердің (8 703) кінәсінен болады, оның 305-і алкоголь және есірткіге мас күйде жасалады. Жол апатынан зардап шеккендердің жас ерекшелігі: 17 жасқа дейін — 3 015, 30 — 39 жасқа дейін -2 576, 21 — 29 жасқа дейін -2 572, 60 және одан жоғары -1 320 жастағы адамдар. Сондай-ақ кінәлілердің арасында көбіне: 30 — 39 жас аралығындағылар — 2 509, 21 — 29 жас аралығындағы — 2 262, 60-тан жоғары жастағы — 668. Жол апатының көп бөлігі: 7 380 — елді мекендерде, 1 703 — халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда, 789 — облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда тіркелген. Жол апатының ең көбі дүйсенбіде жасалады — 1 462, сәрсенбі — 1 447, жексенбі — 1 418. Оның ішінде көбі күндізгі уақытта — 6 120, түнде — 1 140, күн батқаннан кейінгі мезгілде -1 493 болған. Күзгі-қысқы кезеңнің басталуы, сондай-ақ жол қолайсыздығы салдарынан апат қауіпі артады. «Осы ретте автокөліктің техникалық жай-күйін қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру, уақтылы қысқы шина салдыру, белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жолда өте мұқият болу, жол ережесін сақтау қажеттігін еске саламыз. Қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шинамен жабдықталмаған көлікті пайдалануға тыйым салынады. Техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделеді және бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Құрметті халайық! Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз» деп ескертеді Бас прокуратурадан.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жемқорлықты жүгендеудің жаңа құралы
«Шатырдағы екеу» әлеуметтік ертегі емес
Универсиада: Үшінші жарыс күні ел құрамасы үшін сәтті аяқталды
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
Қазақстанда неге көліктің астын жылына кемі 1 рет жуу керек?
Интернет нарығы, қанша екен салығы?
«Жошы хан» елде түсіріледі
“Құрамында пластмассаның кішкентай бөлшектері бар“. Ең зиян шай аталды
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда
Петропавлдағы ЖЭО-де апат болды
Жұрт жүрегіне жетер сөз
Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіледі
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Сыйлық пен параны қалай ажыратуға болады?
«Шатырдағы екеу» әлеуметтік ертегі емес
Көктайғақ, бұрқасын: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Онлайндағы сауат опық жеуден сақтайды
Алматыда «Birlik» би ансамблі концерт өткізеді
Ақтөбе облысында аудандық ауруханаға жаңа жабдықтар жіберілді
Жарқын болашақ жолындағы сенімді серіктес
Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды
Шайх-Хасан Жазықбаев, генерал-майор: Армияда жастарға үлгі болар азаматтар көп