Қазақстанда жұбайының келісімінсіз несие алуға тыйым салу ұсынылды

Парламенттің жұмыс тобы 18 наурызда "Кейбір заңнамалық актілерге несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Бұл құжатқа сәйкес жұбайының келісімінсіз несие алуға тыйым салу қарастырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz.Заң жобасын талқылауға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, қаржы, микроқаржы ұйымдарының және ломбард өкілдері қатысқан. Жұмыс тобының мүшелері жобаны бірауыздан қорғады. Заң жобасына мынадай толықтырулар енгізу ұсынылды:"Банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз жеке тұлғаға банктік қарыз беруге тыйым салынады, оны алу тәртібі және келісім талап етілетін банктік қарыздың ең аз мөлшері айқындалады".Депутаттардың сөзінше, елде несие алатындар көбейіп кеткен. Ал ол лудоманиямен байланысты. Заң жобасы авторларының сөзінше, 350 мыңға жуық қазақстандық құмар ойындар мен ойынға бәс тігуге құмар. Одан бөлек, депутаттардың айтуынша, қазақстандықтардың лудоманияға шалдықпай-ақ банк, микроқаржы ұйымдары және ломбардтарда кепілсіз несие алуы көбейген. Талқылау кезінде депутаттар жұбайының келісімін алу - міндетті екенін атап өтті. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Нариман Құрбанов әскерилерге шеберлік сағатын өткізді
Елімізде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Елімізде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
10 қаңтарда тұман түсіп, көктайғақ болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады
Алматы зообағында ширек ғасыр өмір сүрген Хан есімді керік өлді
Шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есеге артты
Төтенше жағдай бойынша үздік аумақтық өртті бақылау бөлімшесі анықталды
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
“Болашақ“ орталығы Калифорнияда оқып жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
Алматыда жол ережесін өрескел бұзушы қамауға алынды
Тапаншамен қауіп төндірген: Оралда полиция мас жүргізушіні ұстады
Шавкат Рахмоновтың бапкері келесі жекпе-жектің уақытын атады
Декларация тапсыру кезегі кімдерге келді?
Депутаттар әскерилерге заңнамалық жаңашылдықтар туралы айтты
еGov көрсететін қызмет саны артты
"Қазгидромет"ертең 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Бельгия премьер-министріне уланған хат жіберілген
Астана маңындағы ауылда жаңа жайлы мектеп ашылды
«Жын шығарушы емшінің» ісіне қатысты Балаларды қорғау комитеті мәлімдеме жасады
Мәжіліс депутаттары Жетісудағы кірпіш-керамзит зауыты қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады