Бір аптада еліміз аумағында 2 879 қылмыс тіркелді.«Бір апта ішінде 2879 қылмыс жасалды, оның 1 779-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 5 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 29 тонау, 1 қарақшылық шабуылды және 398 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деп мәлім етті Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингіде. Еске салайық, осыдан бір апта бұрын да ел аумағында 2800-ден астам қылмыс жасалған еді. Ол жолы құқық қорғау органдары 10 кісі өлтіру қылмысын ізін суытпай ашты.