Қазақстанда жыл сайын 37 мың адам қатерлі ісікке шалдығады. Өкінішке қарай, 13 мың адам қауіпті індеттен көз жұмады.Бұл жағдайды жақсарту үшін Астанада ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылмақ. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді. Премьер-министр бүгін қатерлі ісікті емдеуге арналған заманауи орталықтың жұмысымен танысты, деп жазады qazaqstan.tv. Жаңа мекеме Орталық Азияда бірінші болып протон терапиясын жүргізе бастайды. "Бұл протондық терапиямен әсіресе балаларды емдеген дұрыс болады. Себебі организмге зиян аз келеді. Және біз ми обырларын, бас обырларын, сүйек обырларын осы протондық терапиямен емдеуімізге болады. Жылына осы протондық орталық іске қосылғаннан кейін 800 адамды емдеп шығуға болады",-дейді хирург-онколог, Медицина ғылымдарының кандидаты Әділбек Мұқажанов.