Қазақстанда балаларға ата-аналарының рұқсатынсыз бірқатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркелуін шектеу жоспарлануда. Тиісті жоспардың жобасы "Ашық" НҚА порталында жарияланды.Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023- 2025 жылдарға арналған "Бала қорғау" кешенді жоспары "Ашық" НҚА порталында 23 мамыр күні жарияланған болатын.Құжатта көптеген ұсыныс айтылған. Солардың бірі - кәмелетке толмағандардың Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларына заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркелуін шектеу туралы ұсыныс. Сондай-ақ аталған кешенді жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:"Балалардың зорлық-зомбылықтан және оларға қатыгездіктен қорғау құқығын іске асыру";"Білім алушылардың педагогикалық қолдау құқығын іске асыру, балалардың суицидтік және аутоагрессивті мінез-құлқының алдын алу және түзету";"Қазақстандық балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы";"Ақпараттық сүйемелдеу".Құжат 6 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.