Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнге – 2023 жылғы 23-25 желтоқсан аралығындағы күн райы болжамын ұсынды."Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады."Ертеңнен бастап Қазақстан аумағына ылғалы мол атлантикалық циклон жырасы жақындап келеді, ол алдымен республиканың батыс облыстарын, ал 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігін жауып, қар аралас жаңбыр түріндегі жауын-шашын әкеледі, көктайғақ болалы, солтүстік өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді", – делінген хабарламада. Болжам бойынша, тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Синоптиктер температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайтынын атап өтті.