Қазақстанда кәріз-тазарту жүйелерін салуға араб компаниясы тартылмақ

Abu Dhabi Sewerage Services Company-дің (ADSSC) Қазақстанда кәріз-тазарту жүйелерін салып, жаңғырту жобаларына қатыспақ. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.Аталған іс-шараға «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев және Abu Dhabi Sewerage Services Company-дің басқарушы директоры, сондай-ақ басқарма төрағасы Ахмед аль-Шамси қатысты. Бұл орайда Қазақстандық орталықтың өкілдері еліміздегі кәріз-тазарту жүйелерін салу мен жаңғырту жобаларын іске асыруға бағытталған тұжырымдамасы, сонымен бірге қаржыландыру тетіктерін айтып берді. Бұдан басқа Қазақстанның 68 қаласындағы су бұру құрылыстары мен желілерінің қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берілді. Осы бағыттағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін әлеуетті инвесторлардың инфрақұрылымдық жобаларға қатысу перспективалары талқыланды. Өз кезегінде шетелдік компанияның өкілдері республикадағы кәріз-тазарту инфрақұрылымының жағдайын зерттеп, талдауға байланысты өз ұсыныстарын жеткізді. Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара тиімді әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осы ретте Abu Dhabi Sewerage Services Company – Абу-Даби Әмірлігінде қатты және сұйық қалдықтардан жиналатын ағынды суларды қауіпсіз жинап, тазартумен айналысатын мемлекеттік коммуналдық компания екенін айта кетейік. Аталған компанияның активінде 40-қа жуық кәріз тазарту қондырғысы және 260-тан астам сорғылау стансасы, сондай-ақ 12,606 шақырымдай кәріз желісі бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Черчесов Қазақстан құрамасынан кетуі керек пе? Магомед Адиев пікірін айтты
20,7 млн теңге: Қостанай облысының әкімдігі Арқалық әуежайын сатып алды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Грузия жаңа президентін сайлады
Азаматтығын ауыстырған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
Екі облыста жолдар жабылды
Оралда құтқарушылар 6 сиырды жұқа мұздың үстінен эвакуациялады
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Соғым FEST: Астаналықтарға жүз тоннадан аса соғым етін ұсынды
Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті
Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды