Ұлттық статистика бюросы елімізде қай жастағы азаматтар ең жоғары жалақы алатынын анықтап, зерттеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Ұлттық статистика бюросының зерттеу мәліметіне қарағанда, елімізде ең жоғары жалақыны 35-тен 44 жасқа дейінгілер алады екен. Бұл – 356 082 теңге. Одан кейінгі жас аралығы – 45-тен 54 жасқа дейінгілер. Бұл жастағылардың орташа табысы 330 626 теңге. Ең жоғары өсім 45-тен 54 жасқа дейінгі санатта – 20,7 пайыз, ең төменгі өсім 65-тен 74 жасқа дейінгі санатта – 10,7 пайыз тіркелген.