Қазақстанда киік ату жұмыстары қай аймақта жүргізілетіні құпия болып қалады

Қазақстанда киік аулауға қатысты кей мәліметтер қауіпсіздік мақсатында құпия болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев журналистің сұрағына жауап беріп, киіктерді ату орны неліктен құпия екенін түсіндірді."Мұнда, біріншіден, қауіпсіздік мәселесі бар. Екіншіден, егістік, шабындық орындарын сақтау керек. Халықты дүрліктіріп отырған кей азаматтар бар. Киіктің саны азайса, менің де қабырғам қайысады. Бірақ бүгінде киік саны көбейді, сондықтан мұны реттеу керек", – деді ол. Министрдің сөзінше, келесі жылы киіктер саны 2,6 миллион басқа жетеді. Ал оның 1,6 миллионы БҚО аумағын мекендейді екен. "Бұл аймақтағы жайылым көлемі осынша киікті қамтамасыз ете алмайды. Салдары жұтқа әкеп соғуы мүмкін. Оның үстіне ғалымдардың сөзінше, Орал киіктері Бетпақдала киіктеріне қарағанда ұсақтау. Себебі Бетпақдала жайылым кең, шөп жеткілікті. Тіпті киіктердің арасында шөпке талас күшейген. Сіздерден тығылып атып отырғанымыз жоқ", – деп қосты министр. Ерлан Нысанбаев киік ату орнының құпия болуы көлеңкелі бизнестің өркендеуіне әкеп соқпайтынын мәлімдеді. "Киік ату мәселесі тың бақылауда, штабтар құрылған. Олардың құрамында түрлі мемлекеттік орган өкілдері бар. Сондай-ақ орман мен аң шаруашылығы комитеті, ішкі істер министрлігінің аймақтардағы өкілдері киікті жасырын ату фактілерін болдырмау үшін әрекет етеді", – дейді Ерлан Нысанбаев. Еске салайық, бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев алапат өрт шыққан “Семей орманы” резерваты жұмысшыларының жалақысы қаншаға өскенін айтқан еді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Роза Рымбаева «Абай облысының құрметті азаматы» атанды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Грузия жаңа президентін сайлады
Азаматтығын ауыстырған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
Екі облыста жолдар жабылды
Оралда құтқарушылар 6 сиырды жұқа мұздың үстінен эвакуациялады
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады