Қазақстанда көліктің қосалқы бөлшектеріне деген сұраныс 6 есеге артқан

Темір тұлпар тізгіндеушілердің қатары күрт азаюы мүмкін. Өйткені, қосалқы бөлшектердің бағасы өскен. Ел тұрғындарының 72 пайызы көлікке кететін шығын көп деп отыр. Жаңасының құны қымбат болғасын ескі көліктерді бөлшектеп сататындардың саудасы жүре бастаған. Ерқанат Сәрсенбай көліктің бір айлық шығынын есептеп көрді. Елдегі көлік жүргізушілер қазір қозғалтқыш көлемі шағын көліктерді жиі сатып алатын болған. Бұрынғыдай жанармайды көп тұтынатын тұлпармен мақтанатындардың дәурені өткен сияқты. Сарапшылар тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, осындай мәлімет таратты. Қозғалтқышының көлемі 1500-ден 2000 текше метрге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында, 223 мың бірлік. Алматыда – 200,7 мың, Астанада – 153,7 мың, Қарағанды облысында – 151 мың және Шығыс Қазақстан облысында – 137,4 мың көлік бар". Қазақтанда биылғы тіркелген көліктердің саны да өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге өскен. Ішкі істер министрлігі бұл өсімді Президент тапсырмасымен қолданысқа енген шетелдік көліктерді рәсімдеу акциясымен байланыстырады. АРАЙ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 5 млн-нан астам көлік құралы тіркелген. Оның ішінде 2022 жылы 140 мыңнан астам көлік құралы тіркелсе, биылғы, яғни, 2023 жылғы 25 қыркүйекке алғандағы есеп бойынша 414 мыңнан астам көлік құралы тіркеуге қойылды. Енді оның ішінде ҚР Үкіметінің Қаулысына сай елімізде жүргізіліп жатқан заңдастыру аясында 230 мыңнан астам көлік құралы тіркелді. Ал, көлік жөндеуші шеберлер қызмет көрсету құнының қымбаттамағанын айтады. Бұл саладағы бәсекелестіктің көп болуы, қызмет ақысын көтеруге кедергі болып отырғанға ұқсайды. ҒАЗИЗ МЕШЕЕВ, КӨЛІК ЖӨНДЕУ ШЕБЕРІ: Мәйдә-шүйдеге қымбаттамаса, особый ешнәрсе қымбаттаған жоқ. Он жыл алдын қанша болды сол жұмыс сонша болып тұр. Өйткені бізде контроль жоқ, бағаға контроль жасалмайды. Әркім өзінің қойған бағасы, келіскен бағасымен істейді да. Тұлпар тізгіндегендерге көлік шығынының шарықтағаны бірден байқалған. Қосалқы бөлшектердің құны күннен күнге өсіп жатыр дейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Бәрі қымбаттады. Май да қымбат. Не де қымбат. Жалпы саймандары, запчастилері бәрі. - Запчасти да, бензинің де бәрі қымбат балам. Налогың да бәрі қымбат қой балам. Мынау жұмыс арасында таксист істеп күн көреміз енді. - Пәленбай мың бензин жасайсың. Расходың біраз ғой. Бензин де қымбат қой қазір. 10 литр жасасаң 2050 теңге емес пе... Ерқанат СӘРСЕНБАЙ, ТІЛШІ: Ескі болса да осы көлігімен күнделікті жұмысқа қатынаймын. Күніне 2 мың теңгеге жанар май құямын. Яғни артық жүрісті қоспағанда айына 60 мың теңгем кетеді. Оның үстіне көлігім екі күннің бірінде бұзылады. Аптасына кем дегенде бір қосалқы бөлшегін ауыстыруға тура келеді. Жөндеуі бар, көлікті жуатын шығынымды тағы қосыңыз. Шамамен мен айына көлікке 150 мың теңгедей қаржы жұмсаймын. Көлікті қойып, жаяу жүргенім дұрыс ау.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Головкин 2027 жылы бокстан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізетін болды
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты