Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыру талабы қандай?

Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді. Яғни, елге қосалқы бөлшек ретінде кіргізілген көліктер жеңілдікпен тіркеуге қойылады. Ал оның талабы қандай? Дәрібек Бахытбек сұрап білді.Сейілхан оң жақты рульді көлігін былтыр Қырғызстан мемлекетінен сатып алыпты. Елге әкелгеннен соң құрастырмалы екенің бірақ білген. Енді тіркеу акциясы басталысымен бірден өтініш беремін деп отыр. Сейілхан КЕНЖЕТАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Отбасы бала-шағамызды асырап отырған көлік. Сол үшін заңға, Үкіметке сеніп отырмыз. Енді халық болып. Бір адам емеспіз ғой. Маңдай терімізге, ақы еңбегімізге алған көлік. Сомен еңбегімізді тауып жүрміз енді бір тіркеп беретін шығар деп. Сейілхан секілді сан соғып, сенделіп жүргендер аз емес. Министрліктің дерегінше, елімізде құрастырмалы көліктер саны 14 мыңға жуықтайды. Автосарапшылар құрастырмалы көлікті заңдастыруға қарсы екендерің жасырмайды. Себебі, оның қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бермейді, техникалық тексерістен толықтай өткізілмейді дейді. Ерғазы ӘЗІМХАНҰЛЫ, АВТОСАРАПШЫ: Утильға өткізе алмайды немесе разворға апарып тастай алмайды ғой айдап жүрген көліктерін. Бірақ ол өте қауіпті көліктер. Өйткені, астындағы общивкісін ашып қараған кезде, мына рулевая колонканың темірінен басқа ештеңе жоқ. Техникалық қауіпсіздіктер жоқ. Осы көліктерді тіркеуге қою үшін жақсы техникалық тексерістен өткізу қажет деп ойлаймын. Айта кетейік, құрастырмалы көлікті тіркеу 15 мамырда басталады. Ол үшін қолыңызда өтініш, сосын ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеру актісі және техникалық байқаудан өткендігі туралы диогностикалық карта болу керек. Арай КУЛТУКАЕВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Мұндай көлік құралдарын алғашқы тіркегені үшін салым мөлшерлемесі 200 мың теңгені құрайды. Автокөліктерді заңдастыруға өтінімдерді екінші деңгейдегі банктер арқылы және егов порталы арқылы беруге болады. Құрастырмалы көліктерді тіркеу шілдеге дейін жалғасады. Ескерте кетейік, көліктің құжатын рәсімдегеннен кейінде оны өзге адамға сата алмайды. Шетелге апара алмайды. Себебі бұл бөлшектер кедендік тазалаудан толық өтпеген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Мұртыңды ұрайын...
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан