Қазақстанда қос азаматтығы үшін 841 адам жазаланды

Қазақстанда 2022 жылы қос азаматтық алғаны үшін 841 адам жазаға тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды.Қазақстан қос азаматтықты мойындамайды. "Өткен жылы қос азаматтығы үшін 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 138-і сот шешімімен елден шығарылды, қалғандарына айыппұл салынды", - делінген хабарламада. Соңғы бес жылда азаматтық заңнаманы бұзғаны үшін 3515 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 3000-ға айыппұл салынып, 473-і елден шығарылған. Барлығынан Қазақстан азаматтығы алынып тасталған. "Биыл қос азаматтық фактілерінің алдын алу мақсатында басқа азаматтықты қасақана жасыру үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жоспарланып отыр", - деп толықтырды ІІМ. Ведомство еліміздің азаматтығынан айырылған азаматтың Қазақстан азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігін пайдаланғаны, сондай-ақ заңда белгіленген адамдарға хабарламағаны үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. "Қос азаматтығы бар деректі жасырғаны үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе елден шығару қарастырылған. Басқа азаматтықты қабылдау кезінде зардаптарды болдырмау үшін басқа елдерге кеткен және басқа азаматтықты қабылдаған Қазақстанның бұрынғы азаматтары 30 күн ішінде Қазақстанның консулдық мекемесіне азаматтықты жоғалтуды тіркеуге өтініш беруі керек", - делінген ІІМ хабарламасында

Читать источник astanatv.kz/kz/
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр
Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды