Қазақстанда қосымша өртке қарсы қызметтің 121 депосын салу қажет

Абай облысындағы алапат өрт төтенше жағдай саласындағы бірқатар жүйелі проблемаларды ашық көрсетті. Сенатор Сергей Ершов өзінің депутаттық сауалында осы мәселені жария етті.Депутат жағдайға егжей-тегжейлі талдау жасау барысында маңызды екі проблема анықталғанын атап өтті. Біріншісі – төтенше жағдаймен күресте әлеуетті күштер мен тиісті құралдардың жетіспеуі. Екіншісі – төтенше жағдайдан қорғауды қамтамасыз етудегі жүйелі тәсілдің болмауы. «Елімізде мемлекеттік өртке қарсы қызметтің 426 бөлімшесі бар, әлі қосымша 121 депо салу қажет. Бізге ұсынылған мәліметтерге сәйкес, тіпті 2030 жылға қарай өрт сөндіру бөлімшелерін салу қажеттігі тек 55 пайызға ғана орындалады. Жалпы техника санының шамамен 20 пайызвы өткен ғасырдың 70-90-жылдарынан бастап пайдаланылып келеді және жаңартуды талап етеді», - деп атап өтті сенатор Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында. Депутат проблемаларды шешуге қаржы бөлінетінін, бірақ есеп-қисапқа қарағанда игерілмейтінін атап өтті. С. Ершов 2018 жылдың желтоқсанында осы саладағы ерекше мекеме – кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі жекешеленіп кеткенін еске салды. Осы шешімнің нәтижесінде мемлекет аса күрделі аварияны жедел жоюды қамтамасыз ете алатын мамандандырылған қызметтен айырылып қалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, Қазақстан аумағында мемлекеттік емес өртке қарсы 331 қызмет нысаны бар. Бұл еліміздегі өрт сөндіру бөлімшелерінің жартысына жуығы мемлекеттік емес дегенді білдіреді. Сенатор жекешеленген кәсіпорындар портфелін әртараптандыру, сондай-ақ төтенше жағдайды жою барысында мемлекеттік емес ұйымдардың жауапкершілігі жөнінде нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіруді ұсынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
"Үздік ауыл дәрігері" номинациясының иегері белгілі болды
Өскеменде жоғалған жас қыздың денесі табылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды
Астанада Марин Томасов атындағы көше пайда болады
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы күшейді
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр
Қостанай облысында 15 жаңа медициналық нысан ашылды
Өскеменде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған жас қыздың денесі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды
Астанадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды