Синоптиктер 2023 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Қазақстанда күн райы қалай құбылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz."Қазгидромет" РМК мәліметінше, 28-29 қыркүйекте еліміздің шығысында түнде -1-3°С үсік жүреді. "Температура фонында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы +17+23°C-қа дейін, таулы аймақтарда +8+13°С-қа дейін төмендейтіні болжанды", – делінген хабарламада. Болжам бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. "Тек Қазақстанның батысында күн ашық болады, түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі деп болжанды", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК мамандары.Синоптиктер сәрсенбі, 27 қыркүйекте Алматыда және Қазақстанның бес қаласында ауада зиян заттардың мөлшері жоғары болуы мүмкін деп болжады.