Қазақстанда құрылысы бітпеген үйлерден пәтер сатып алуға тыйым салынбақ

Қазақстанда баспана сатып алу бойынша алдын ала келісім-шарт жасауға тыйым салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады. Қазір құрылыс компаниялары қолданыстағы "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңды айналып өтіп, нотариалдық куәландырусыз және әділет органдарында тіркелмей-ақ адамдармен келісім-шартқа отырады. Бұл брондау, инвестициялау және тапсыру келісімдері. Осыған байланысты жаңа проблемалық нысандардың пайда болу қаупі бар. Бүгінде Қазақстанда баспана сатып алу үшін алдын ала құжаттарға қол қойып, жосықсыз құрылыс салушыларға алданып қалған 6,8 мыңға жуық жылжымайтын мүлік салымшылары бар. Осы себепті министрлік осы саладағы мемлекеттік реттеуді күшейту үшін түзетулер әзірледі. Олардың қатарында салынып жатқан көпқабатты үйлерде үй-жайларды алуға байланысты алдын ала келісімдер жасасуға тыйым салу да бар. Сонымен қатар, ғимарат құрылысын тоқтата отырып, үлескерлерден заңсыз ақша жинағаны үшін айыппұлды 300 АЕК-тен 2 мың АЕК-ке дейін арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ, рұқсаты болмаса, үлескерлердің ақшасын тарту мақсатында жарнамаға тыйым салынады. Жоғарыда аталған заңның реттеу аясына "аз қабатты құрылыс" ұғымы енетін болады. Ал әкімдіктер компаниялардың үлескерлерден ақша тартуының заңдылығын қадағалауы керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
«Танымай қалдық»: Сырт келбетіне өзгеріс жасаған Меруерт Түсіпбаева жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды