Қазақстанда лицензиясыз салынып жатқан құрылыс нысандары көп

Қазақстанда жүздеген құрылыс нысаны лицензиясыз және рұқсатсыз салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.Ең проблемалы аймақтар – Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысы. Қазір елімізде 264 құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын тартып, рұқсатсыз ғимараттар салып жатыр. 293 проблемалық нысанның 136-сы Астанада. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, мемлекеттік қаражат есебінен 140-тан астам тұрғын үй кешені құрылысы аяқталды. Бұл 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Жалпы, бүкіл ел бойынша мыңдаған үлескер әлі күнге дейін алданып келеді. Сонымен қатар өткен жылдың соңында "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" зерттеу жариялады, онда 2023 жылғы тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда үлестік құрылыстағы "сұр" нарықтың үлесі 68% (зерттелген 586 объектінің 397-сі) құрады. Мұның бәрі үлескерлердің қаражатын заңсыз тартатын нысандар. Жекелеген өңілер мен қалаларда жағдай өте қиын — "сұр" нарықтың үлесі 90%-тен асады. Проблемалы қалаларға Қарағанды, Көкшетау, Семей, Павлодар, Петропавл, Тараз, Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Ақтау және Ақтөбе жатады. Азаматтарды алдаудан басқа, сапасыз құрылыс мәселесі де өзекті. Мәселен, 2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер шеңберінде Алматының өзінде 1 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды және оларды жоюға 634 ұйғарым берілді. Сапасыз құрылыс үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы, 25 техникалық қадағалау сарапшысы жауапкершілікке тартылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Алматы маңында жер сілкінді
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі