Қазақстанда мақта мен бидай алқабы қысқарады - Ауыл шаруашылығы министрі

Қазақстанда майлы дақылдар, күнбағыс, картоп пен қант қызылшасын егу ұлғайтылады. Бүгін үкімет отырысында ауыл шаруашылығы мининстрі Айдарбек Сапаров осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Оның сөзінше, бидайдың егістік алаңдары өткен жылмен салыстырғанда 13,3 млн га (2023 жылы – 13,7 млн га) болады деп жоспарланып отыр, яғни 429,2 мың гектарға қысқартылған. Босаған алаңдарда әлеуметтік маңызы бар және жоғары рентабельді дақылдарды егуді ұлғайту жоспарлануда. “Мәселен, облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша майлы дақылдар алаңын 385,7 мың гектарға ұлғайту жоспарланған, бұл жалпы егіс алаңын 3,2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, оның ішінде күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 60 мың гектарға ұлғайту және оларды 1,2 млн гектарға дейін жеткізу керек. Бұдан басқа, қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 12 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр, тиісінше, биыл қант қызылшасының ауданы 25 мың гектарға жетеді”, – деді министр. Ол үкімет тапсырмасын және вегетация кезеңінде фермерлерді суармалы сумен қамтамасыз етуде туындайтын проблемаларды ескере отырып, ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. “Биыл өткен жылмен салыстырғанда мақта алқаптарын 116 мың гектардан 100 мың гектарға дейін, яғни 16 мың гектарға қысқаруы болжанып отыр, күріш алқаптары 6,4 мың гектарға қысқарып, 93,9 мың гектар болады”, – дейді Айдарбек Сапаров. Оның сөзінше, жалпы, астық дақылдары, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елдос Сметов жылдың үздік дзюдошысы атануы мүмкін  
«Барыс» бүгін Ресейде «Лада» командасымен кездеседі
Артём Черединов «Жеңіс» сапынан кетті
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
"Төлемнен босатылған": Көлік министрлігі желіде тараған ақпаратқа жауап берді
Екі өңірде көлік қозғалысы тоқтатылды
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
«Жын шығарушы» емшінің ісі ІІМ-ге жетті»: Динара Зәкиева
Шымкентте бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізушілер анықталды
Ұлытау облысы экология департаментінің басшысы 2,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді
Шұғыл! Ақтауға тағы бір ұшақ апаттық жағдайда қонды
Семейде оқушысын басынан ұрған офицер сөгіспен құтылып кеткен
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
Қазақстан фристайл-могулдан әлем чемпионатының медальдық есебінде нешінші орында тұр
Боран, бұрқасын: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Абай болыңыздар!»: Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу жүріп жатыр
Ризабек Айтмұхан үздіктер тізімінде
БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды
Алматыда бір қабатты қойма өртеніп кетті
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Ұлытауда облыстық Экология департаментінің басшысы қамауға алынды
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан