Қазақстанда мектебі жоқ аумақтарға көпқабатты үйлер салуға тыйым салынбақшы

Қазақстанда мектебі жоқ аумақтарға көпқабатты үйлер салуға, сондай- ақ сабақта телефон қолдануға заң жүзінде тыйым салынбақшы. Жаңа заң жобасы парламентте қаралып жатыр. Бүгін бір топ мәжіліс депутаты Қарағанды облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, колледж және мектеп басшыларымен, білім саласының қызметкерлерімен кездесіп жаңа нормаларды талқылады. Халық қалаулыларының айтуынша, бүгінде қаптаған көпқабатты үйлер салынғанымен балалардың жағдайы ескерілмеген. Мектептер оқушыға лық толы, тар бөлмеде қыстырылып- қымтырылып оқиды. Бұл білім сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДАМУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Егер мектеп болмаса жеткілікті деңгейде онда сол көп қабатты тұрғын үйлерге рұқсат бермеу туралы норманы біз қабылдап қазір сенатқа заң жобасын жібердік. Сосын 30 жыл бойы жұмыс істеп мектептерді әр 5 жыл сайын тексеріп тұру мәселесі, балалар терезеден құламау үшін терезеге арнайы механизмдар, құлыптар тағу мәселесі бар. Сабақтың үстінде телефонды қолданбау бойынша арнайы норма енгізілді. Сабақ болып жатқанда бала не істеу керек? Сабақ оқу керек». Депутаттар медицина және әлеуметтік сала қызметкерлерімен де кездесті. Олар дәрігерлердің мәртебесін арттыру және ақ халаттылардың жауапкершілігін сақтандыру мәселелерін талқыланды. Сонымен бірге мүгедек жандармен жұмыс істейтін әлеуметтік жұмыскерлердің жағдайын жақсартуға бағытталған заң жобалары әзірленіп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 16-22 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словакиядан 1:8 есебімен жеңілді
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
«Ата-әжесіне қамқор болды». Метрода қаза тапқан жігіттің кім екені белгілі болды
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты аппелляциялық сот шешімі шықты
Қазақстан Венгрияда функционалды көпсайыстан әлем чемпионатына қатысып жатыр
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты
Түркістан облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Футболдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына іріктеудегі қарсыластары анықталды
ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығына 50 жыл
Баланы тұмаудан қалай қорғауға болады? Дәрігер кеңесі