Қазақстанда мереке күндерінің тізімі бекітілді

Үкіметтің 27 шілдедегі қаулысымен мереке күндерінің тізбесі жаңа редакцияда бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.Жаңа тізімде 19 мереке бар: Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылған күні - 15 ақпан Алғыс айту күні – 1 наурыз Аналар күні - мамырдың екінші жексенбісі Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр ҚР Мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым Әкелер күні - маусымның үшінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі Абай күні – 10 тамыз Спорт күні - тамыз айының үшінші жексенбісі Семей ядролық полигонының жабылған күні – 29 тамыз Білім күні – 1 қыркүйек Отбасы күні - қыркүйектің екінші жексенбісі 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні Еңбек күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі Қарттар күні – 1 қазан Нан күні – 16 қазан Энергияны үнемдеу күні – 11 қараша Ұлттық валюта күні – теңге – 15 қараша ҚР Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан Неліктен мерекелердің жаңа тізімі қабылданғанын түсіндіреміз. 2023 жылғы сәуірде "Мерекелер туралы" заңға түзету енгізіліп, оған сәйкес мереке күндерінің тізбесін белгілеу өкілеттігі үкіметке жүктелді. Ал кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту функциялары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Сондықтан қабылданған түзетулермен барлық кәсіби мереке бұрын қолданыста болған мерекелер тізімінен алынып тасталды. Айтпақшы, "Мерекелер туралы" Заңда ұлттық және мемлекеттік мерекелердің тізімі бар. Сонымен Ұлттық мереке – 25 қазанда тойланатын Республика күні.Мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл - 1-2 қаңтар; Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз; Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз; Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр; Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр; Жеңіс күні – 9 мамыр; Астана күні – 6 шілде; ҚР Конституциясы күні – 30 тамыз; Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан. Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер мереке күндері болып танылады және жұмыс күні болып есептелмейді. Өз кезегінде кәсіби және басқа мерекелер мереке күндері болып табылады, ал егер олар жұмыс күніне сәйкес келсе, жұмыс күні болып есептеледі. Қаулы 2 тамызда күшіне енеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанда полицейлер күшейтілген режимге ауыстырылды
Марк Цукерберг жаңадан сайланған президенттің инаугурациясына 1 миллион доллар берді
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездесті
Сөмкенің бағасына пәтер алуға болады: Перизат Қайраттың гардеробына шолу
Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты (видео)
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
14 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?
АҚШ долларының бүгінгі бағамы жарияланды
Түркістанда креативті хаб ашылды